Әдебиет • Бүгін, 12:00

«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау басталды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ әдебиетінің дамуына ықпал ету мақсатында жыл сайын өткізілетін «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау басталды

Биыл бесінші рет ұйымдастырылатын ұлттық сыйлыққа «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Үздік әдеби аударма», «Үздік балалар әдебиеті», «Үздік әдеби сын» және «Үздік комикс» номинациялары бойынша бұрын жарияланбаған туындылар қабылданады.

Байқауға отандық жазушылар қатыса алады және үміткерлердің жас ерекшелігіне шектеу жоқ. Әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры – 35 млн теңге. Әр номинацияға 5 млн теңгеден беріледі.

Өтінім 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін www.aiboz.kz сайты арқылы қабылданады.

Ұлттық әдеби сыйлық жыл соңында табысталады.

Толық ақпаратты www.aiboz.kz сайтынан немесе +7 707 333 5610 нөмірі бойынша білуге болады.

 

Соңғы жаңалықтар