Жарылыс Люян қаласындағы Huasheng Fireworks Manufacturing and Display Company кәсіпорнында болған. Бұл қала Қытайдағы пиротехникалық өндіріс орталықтарының бірі саналады.
Оқиға орнына 500-ге жуық құтқарушы, өрт сөндіруші және медицина қызметкері тартылған. Қауіпсіздік үшін маңайдағы тұрғындар эвакуацияланған, себебі екі қоймада қара оқ-дәрі болған. Құтқару жұмыстарына роботтар да тартылған.
Жарылыстың нақты себебі анықталып жатыр. Қытай билігі кәсіпорынға қатысты бақылау шараларын күшейткенін мәлімдеді. Си Цзиньпин оқиғаны толық тергеуді және қауіпсіздік бақылауын арттыруды тапсырды.
Нұрболат АМАНБЕК