Оқиға • Бүгін, 11:35

«Қазцинк» зауытындағы жарылыстан 2 адам қаза тапты

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемен қаласындағы «Қазцинк» зауытында болған жарылыс пен өрт салдарынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазцинк» зауытындағы жарылыстан 2 адам қаза тапты

Компанияның ресми мәліметінше, оқиға түтінсорғышты тазалау кезінде болған.

«Апат салдарынан 2 адам қаза тапты. Зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды», делінген хабарламада.

 Өскемендегі жарылыс: Төрт адам ауруханаға жеткізілді 

«Қазцинк» қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, материалдық және өзге де көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Өскемендегі жарылыстан зардап шеккендер саны 9-ға жетті

Оқиғаның себептері мен мән-жайы тергеу қорытындысы бойынша анықталады.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар