Мереке • 21 Қаңтар, 2026

21 қаңтар – Инженерлік әскерилер күні

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

21 қаңтарда Қазақстанда ең жауапты әрі қауіпті әскери мамандықтардың бірінің кәсіби мерекесі – Инженерлік әскерлердің күні аталып өтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

21 қаңтар – Инженерлік әскерилер күні

Олардың қатарында саперлер, инженер-барлаушылар, механик-жүргізушілер, понтоншылар, кинологтар және басқа да мамандар бар. Әскери инженерлер бағдарларды дайындау мен қамтамасыз етуге, фортификациялық құрылыстар салуға, миналық-жарылғыш бөгеттерді орнату және залалсыздандыруға, өткелдер ұйымдастыруға, сондай-ақ әскерлерді сумен қамтамасыз етуге жауапты.

Әскери инженерлер төтенше жағдайлардың салдарын жоюға да тартылады.

2024 жылғы көктемгі су тасқыны кезінде Ойыл және Есіл өзендері арқылы паром өткелдері ұйымдастырылып, 3 мыңнан астам адам эвакуацияланды, шамамен 1,5 мың техника бірлігі өткізілді және 400 тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілді.

Қазақстанда әскери есепке алу ережелеріне өзгерістер енгізілді

Сонымен қатар олардың міндетіне әскери нысандарды бүркемелеу немесе имитациялау кіреді. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуде инженерлік-саперлік бөлімшелер ерекше рөл атқарады. Олар аумақты миналардан тазалау жұмыстарын жүргізеді. Бұл қызмет жоғары кәсіби дайындықты, қатаң тәртіпті және күйзеліске төзімділікті талап етеді. Инженерлік әскерлер заманауи барлау құралдарымен, робототехникамен, жер қазу және понтондық техникамен жабдықталған.

Елімізде әскери қызметкерлердің жалақысы өседі

Отандық инженерлер халықаралық миссияларға да елеулі үлес қосты.

Ирактағы операция барысында олар 4 млн-нан астам жарылғыш затты залалсыздандырып, 6,7 мың текше метрден астам суды тазартты. Қазіргі заманғы техникамен жабдықталған және білікті мамандармен толықтырылған инженерлік әскерлер ұлттық қауіпсіздік жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып қала береді.

Әскери қызметке жарамдылық дәрежесі туралы анықтаманы онлайн алуға болады

Соңғы жаңалықтар