Ауа райы • Бүгін, 17:43

Қазақстанда -56 градус аяз тіркелді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17 қаңтар күні Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі Марқакөл ауданына қарасты Шанағатты ауылында (бұрынғы Орловка) -56 градус аяз тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда -56 градус аяз тіркелді

Өңірде қатты аяз әлі де сақталып отыр.

Еске сала кетейік, бір күн бұрын Алтай ауданының Парыгино ауылында ауа температурасы -53 градусқа дейін төмендегені белгілі болған. Бұл сәтті ауыл тұрғындары бейнежазбаға түсіріп алған.

Ал оған дейінгі күні аталған елді мекенде -45 градус аяз тіркелген еді.

Парыгино ауылдық округінің әкімі Ғани Түлековтің айтуынша, жергілікті тұрғындар төтенше суыққа алдын ала дайындалған.

– Әлеуметтік нысандар мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілері штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Қазіргі таңда ешқандай іркіліс тіркелген жоқ. Жағдай тұрақты бақылауда, – деді әкім.

Қатты аяз, қарлы боран: 14 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Соңғы жаңалықтар