Мереке • 30 Желтоқсан, 2025

Жаңажылдық көңіл күй сыйлайтын үздік фильмдер

40 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Жаңа жыл – отбасының әр мүшесін бір шаңырақ астында топтастыратын ғажайып мереке. Бұл күндері үлкендер күнтізбе ауысатын маңызды кезең алдында өткен жылды қорытындылап, келер жылға арналған жоспарларын бекітіп жатады. Ал бүлдіршіндер үшін жаңа жыл – ғажайып армандар орындалуы тиіс сиқырлы кезең. Олар үшін ортақ көңіл күй ауанын қалыптастырып, мерекелік көңіл күйді еселеуде фильмдер мен мультфильмдердің орны ерек. Әр үйде бауырмалдық, өзара түсіністік ауанын орнатып, жақсылыққа жетелейтін үздік фильм мен мультфильм топтамасын ұсынамыз, деп жазады Egemen.kz.

Жаңажылдық көңіл күй сыйлайтын үздік фильмдер

Фото: ЖИ

  1. Home alone. (Үйде жалғыз қалғанда) 

Мерекелік фильмдер топтамасының көшін осынау классикаға айналған америка киносынан бастауымыз кездейсоқтық емес екені түсінікті болса керек. Бірнеше буын өкілдері үшін етене таныс фильмнің 3 бөлімі түсірілген. «Үйде жалғыз қалғанда» деген атаумен қазақшаға да тәржімаланған. 

Басты рөлді сомдаған Маколей Калкин биыл 45 жасқа аяқ басса да әр адамның көңілінде қартаймайтын Кевин бейнесі бар. Фильмде Кевин отбасылық саяхаттан қалып қойып, ақылға негізделген айласымен үйін ұрылардың тонауынан аман алып қалады. Отбасылық жылы қарым-қатынасты тереңдетіп, батыл болуға үндейтін фильмді жаңа жыл демалыстарында тағы бір рет тамашалаңыз. Жаңа ой түйеріңіз сөзсіз.

вв

«Один дома» фильмінің актерлері 30 жылда қалай өзгерді?

    2. The Polar Express. (Полярлы экспресс)

2004 жылы көрермен назарына ұсынылған анимациялық фильм. Фильм барысында терезеден Солтүстік полюске бет алған жұмбақ пойызға ілескен баланың бастан кешкендері баяндалады. Ол мерекеге дайындалып жатқан Аяз атаны қарсы алу үшін өзге де балалармен бірлесіп, тосын оқиғаларға тап болады. Достық пен сенім туын желбірететін фильм сюжеті сізді де ғажайыпқа сендіреді.

   3. Frozen. (Мұзды өлке) 

Әйгілі Walt Disney Animation Studios ұсынған мультфильм 3 бөлімнен тұрады. Қазақ тіліне «Мұзды өлке» атауымен аударылған. Мультфильмнің негізгі оқиғасы қиялдан туған Эренделл патшалығында өтеді. Оның сюжетіне ерекше қабілеті бар Эльза мен батыл әрі мейірімді сіңлісі Аннаның әрекеттері арқау болады. Бір күні Эльзаның қабілеті еріксіз ашылып, патшалықты мәңгілік қысқа айналдырады. Апалы-сіңлілер патшалықты қалыпты күйіне қайтара ала ма? Осы бір күрделі жолда оларға қандай кейіпкерлер көмектеседі? Махаббат қылын шертіп, бауырмалдыққа бастайтын мульт хикаяны міндетті түрде балаларыңызбен бірге тамашалаңыз! 

пп

Кино әлеміндегі жетістіктер

   4. A Christmas Carol

Ағылшын жазушысы Чарльз Диккенстің прозасы негізінде экранизацияланған рождестволық хикая. Кең таралған нұсқасы 2009 жылы ұсынылған. Онда сараң әрі қатыгез жаңа жылды жаны сүймейтін Эбенезер Скрудж қарияға жаңа жыл күні рухтар келіп, қатқыл мінезін жұмсартып, өмірін қайта құруды ұсынады. Эбенезер Скрудж рухтардың ұсынысын қабыл ала ма? 

Айта кетейік, аталған проза желісімен 1992 жылы «Рождественская сказка Маппетов», «Духи Рождества» (1999), «Скрудж: Рождество опять» (2022) сынды бірнеше нұсқада фильм таспаланған. 

   5. Еркебай 

Отандық отбасылық комедия. Кинокартина желісінде бай баласы Еркебайдың басынан өткен шытырман оқиғалары баяндалады. Ақшаға қызыққан қарақшылар баланы ұрлап кетеді. Фильмдегі ең қызықты оқиғалар дәл осы кезден бастау алады. Отбасы Еркебайды аман-есен құтқара ала ма? 2024 жылы көрермен назарына ұсынылған фильм көпшіліктің көңілінен шықты. Басты рөлді «Күлдір-бүлдір» хикаялары арқылы танылған Расул Бауыржан сомдайды.  

пп

Қазақ киносының жарқын белесі

  6. Щелкунчик

Неміс жазушысы Э.Гофманның ертегісі мен Чайковскийдің балетіне негізделген Татьяна Ильина түсірген ресейлік толықметражды анимациялық фильм. Кеңес кезеңінде түсірілген нұсқадан бастап, әр жылдары жаңарып ұсынылған нұсқалары әлем жұртының назарынан тыс қалмаған. Мультфильм желісі бойынша Мари есімді қыз шыршаның түбін тазалап жүріп, жаңғақ тәрізді ойыншық тауып алады. Щелкунчикке жан бітіп, басты кейіпкерге өзінің тышқан патшалығындағы басынан кешкен қайғылы оқиғаларын баяндап береді. Сол сәтте Мари мен Щелкунчикке тосын дауыс естіледі. Бұл дауыс олардың тыныс-тіршілігіне қалай әсер етеді? Өзара көмек пен бауырмалдыққа бастайтын бұл мульфильмді де балалармен бірге көруге ұсынамыз.   

   7. Эльф

Фентези, меледрама, комедия үйлескен балаларға арналған фильм. 2003 жылы жарыққа шыққан америкалық фильм. Бала кезінде Санта Клаустың сыйлық қапшығына кездейсоқ түсіп кеткен Бадди Солтүстік полюсте эльфтердің арасында өседі. Бірақ ол басқа эльфтерден әлдеқайда ұзын әрі икемсіз болады. Ол өзінің шын мәнінде адам екенін білген соң, Нью-Йоркке барып, туған әкесін табуға шешім қабылдайды. Қала өміріне бейімделе алмай, талай күлкілі жағдайларға тап болады. Дегенмен оның ақкөңіл мінезі мен Рождествоға деген сенімі айналасындағы адамдардың жүрегін жылытып, мерекелік рухты қайта оятады.

вв

фото: Warner Bros

  8. «Ирония судьбы, или с лёгким паром» (Тағдыр тәлкегі)

1975 жылы таспаланған. Алдыңғы толқынның жаңа жыл десе, алдымен ойына оралатын фильм. Кино туынды кездейсоқ ғажайыптарға, махаббатқа сенуге, құрметпен қарауға шақырады. 

 

Соңғы жаңалықтар