Таным • Кеше

Лондондағы қазақ портреті

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1803 жылы Ұлыбритания астанасы Лондон қала­сында «Ресей империя­сының киім мәдениеті» атты кітап В.Миллер және басқа авторлар тарапынан жарық көрді. Бұл – империя құрамындағы халықтардың киім-ке­шек мәдениетін Батыс әлеміне таныстыруды мақсат еткен бірден-бір еңбек. Ағылшын және фран­цуз тілінде түсін­дірме беріліп, әр халық­тың киім үлгісі туралы ақпарат жеткізетін еңбек­тің біздің мәдениет үшін маңызы жоғары. Төменде кітапта жа­зылған түсіндірмені қаз-қалпында аударып беріп отырмыз.

Лондондағы қазақ портреті

«Қазақтар бұрыннан белгілі халық болса да, ешқашан атап айтыл­маған, өйткені олар көшпелі өмірде барымтаны дәстүр еткен.

Олар үш ордаға (жүзге) бө­лінген, оның ішінде екі жүздің құрамы ғана Ресей өкіметінің қарамағында. Бұлар Орал мен Ембі өзендерінің аралығында жатқан территорияны мекен­дейді; бірақ олар үнемі көшіп-қонып жүреді және Еділ мен Каспий жағалауында барымта әрекеттерін жиі жасайды.

Олардың жүріс-тұрысы мен келбеті тым ерекше Қазақтардың әлпеті басқа татар тайпалары сияқты ашық, көзі кішкентай болса да, олар жинақы көрінеді. Ат үстіндегі халықтың үнемі әртүрлі оқиғаларымен алыс-жақынға аты шыққанын біреу білсе, біреу білмес. Бұл болмыс олардың өмір сүру дәстүріне және батылдық пен даңқ туралы көз­қарасына байланысты болуы мүмкін. Қазақтардың үйі туралы айтсақ, тұрмыс­қа қолайлы киіз үйлерде тұрады. Оларды тіз­гіндеп отыру үшін Ресей өкіметі қазақ даласында көптеген әскери бекет салды».

Соңғы жаңалықтар