
2005 жылы «YouTube» танысу сайты ретінде құрылған. Яғни қолданушылар өздері туралы шағын бейнежазба түсіріп, жүйеге жүктеп, өмірлік серігін табуға тиіс болатын. Алайда бұл жоба жұрттың назарын онша аударта алмады. Содан авторлар батыл шешім қабылдап, бағыттарын түбегейлі өзгертеді. Нақтырақ айтсақ, олар танысу алаңын баршаға арналған бейнежүктеу платформасына айналдырады. Осылайша, YouTube-тің жаңа дәуірі басталып, уақыт өте келе әлемді жаулаған платформаға айналды.