Фото: Ашық дереккөз
Прокуратураның мәліметінше, Алматыда жүргізілген стационарлық кешенді сот-психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындысы бойынша мамандар оған динамикалық бақылау мен қосымша диагностика қажет екенін көрсеткен.
«Сараптама қорытындысына сәйкес, Ақбаян Мұқанғалиеваға динамикалық бақылау және дифференциалды диагностика жүргізу қажет», деп хабарлады Атырау облысының прокуратурасы.
Атырау облысындағы атышулы қылмысқа қатысты кінәлі деп табылған Сұлтан Сәрсемалиевтің бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиева бұған дейін қылмысқа қатысты күдікті ретінде танылған болатын. Алайда оның қайғылы оқиғаға тікелей қатысы болмауына байланысты ісі бөлініп алынып, «Қылмыс туралы хабарламау» бабы бойынша қаралып жатыр.
Прокуратура өкілдері тергеу жалғасып жатқанын және барлық мән-жайлар жан-жақты зерттеліп жатқанын атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейінгі сот отырысында айыпталушының әкесі Самиғулла Сәрсемалиев куәлік берген болатын.