Саясат • Бүгін, 10:45

Мұнай-газ саласындағы әріптестік

1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «Шелл» концернінің Қазақстандағы аға вице-президенті әрі төрағасы Сюзанн Куганмен кездесті.

Мұнай-газ саласындағы әріптестік

Кездесу барысында мұнай-газ саласындағы ынтымақтас­тықты дамыту, соның ішінде бірлескен жобаларды жүзеге асыру және инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері қаралды.

Тараптар екіжақты ынты­мақ­тастықтың дамып келе жатқанын және бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылып жатқанына тоқталды. Атап айтқанда, биылғы наурыз айында Энер­гетика министрлігі мен «Шелл Қазақстан» компаниясы Ақтөбе облысындағы «Жаңатұрмыс» учаскесінде геологиялық барлау жұмысын жүргізуге арналған келісімшартқа қол қойды.

Премьер-министрдің бірін­ші орынбасары елімізде гео­логиялық барлау қызметін кеңейту бағытында жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп жат­қанын атап өтіп, «Жаңа­тұрмыс» жобасын жетілдірілген модельдік келісімшарт шеңберінде жүзеге асырудың өзектілігіне тоқталды.

Сонымен қатар жүздесу барысында Қарашығанақ және Қашаған жобаларын жүзе­ге асыру мәселелері қозғал­ды. Тараптар өндірістік көрсет­кіш­тер­дің тұрақтылығын қамтама­сыз ету және жобаларды әрі қа­рай дамыту қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ «Шелл» ком­паниясының еліміздің батыс өңірлеріндегі әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржы­ландыру мәселесіне ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында тараптар ұзақмерзімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар