Ғалам ғажаптары • 24 Мамыр, 2025

Зообақ ішіндегі зообақ

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жануарлар сізге емес, сіз жануарларға қарап тұрғандай әсер алғыңыз келе ме? Онда сізге Жаңа Зеландиядағы Орана зообағына бару керек.

Зообақ ішіндегі зообақ

Бұл зообақ Оңтүстік аралда, Крайстчерч қаласының маңында орналасқан, аумағы — 80 гектар. Мұнда жануарлар табиғи тіршілік ортасына өте жақын жағдайда өмір сүреді. Зообақтың ең ерекше қызметі — арыстандармен қауіпті кездесуге арналған арнайы экскурсия. Яғни қонақтар әуелі темір торлы арнайы жәшікке отырғызылады. Содан соң жәшікті арыстандар мекендейтін аумаққа алып кіреді. Сөйтіп, арыстандар тор ішіндегі адамдарды айналып жүреді, торға секіріп, иіскелеп, тіпті тырнап көреді. Бұл әсер сізге өзіңізді торда отырған аң секілді, ал арыстандар — еркін жүрген бақылаушылар секілді сезіндіреді.