Ғалам ғажаптары • 24 Мамыр, 2025

Атомнан аман қалған

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қырық жыл қырғын болса да, ажал­ды өледі» деген сөз жапон ин­же­­нері Цутому Ямагутидің өмі­­­­рі­не дәл келеді.

Атомнан аман қалған

1945 жылдың 6 тамызында ол іссапар-мен Хиросимада жүргенде, қалаға адамзат тарихындағы алғашқы атом бомбасы тас­талды. Құдай сақтап, аман қалған Ямагути келесі күні-ақ туған қаласы Нагасакиге тартып кетеді. Тағдырдың тәлкегі сол – дәл үш күннен кейін, 9 тамызда екінші атом бомбасы Нагасакиге түседі. Цутому осылайша екі ядролық жарылысты да тірі өткерген адам ретінде тарихта қалды. Ол ұзақ өмір сүріп, 93 жасында қайтыс болды.