
Кеңес заманында жаттықтырылып, әлем елдерін аралаған бұл аю Германияның Штутгарт қаласында ерекше шеберлігімен дүйім жұртты тәнті еткен. Ол көшеде жол ережесін сақтап, мотоциклмен арлы-берлі жүйткіген. Тіпті жануар бағдаршам қызыл жанғанда тоқтап отырған. Бұл өнерге таңдай қаққан неміс билігі әзіл-шыны аралас, бірақ ресми түрде оған жүргізуші куәлігін табыстаған. Мінекей, осы оқиға – жануарлардың да машық пен тәртіпке үйрене алатындығының айқын дәлелі.