Ғалам ғажаптары • 23 Мамыр, 2025

Ерекше марапат

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Математикадағы ең беделді марапат – Филдс медалі. Ол 40 жасқа дейінгі ғалымдарға беріледі. Ал британ математигі Эндрю Уайлс үш ғасыр бойы шешілмей келген Ферма теоремасының жауабын тапқанда 41 жаста болған.

Ерекше марапат

Енді қайтпек керек? Ғалымның қаншама жылғы еңбегін елеусіз қалдыруға болмайды. Бірақ марапат ережесін де ескерген жөн. Содан Халықаралық математикалық конгресс сарапшылары ойлана келе, 1998 жылы Уайлсқа арнайы күміс медальды табыстайды. Бұл — Филдс марапатының тарихтағы ерекше әрі жалғыз нұсқасы. Осылайша, комиссия өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай тапқыр шешім шығарған.