Ғалам ғажаптары • 23 Мамыр, 2025

Баскетбол бастамасы

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көптеген жаңалық бірден мінсіз бола салмайды. Олар уақыт өте ке­ле жетіледі. Мәселен, ал­ғашқы бас­кет­болда біз білетін дриблинг, яғни доп­ты жерге соғып алып жүру бол­маған.

Баскетбол бастамасы

1891 жылы Джеймс Нейсмит ойлап тапқан бұл ойында тек пас беруге және торға лақтыруға рұқсат етілген. Ал тордың орнына шабдалы жәшігі қолданылған, әрі оның түбі жабық болған. Әр ұпайдан кейін төреші баспалдақпен көтеріліп, допты шығарып алу керек еді. Кейіннен жәшіктің түбі кесілді, бірақ доп өздігінен түспеген, оны ұзын таяқпен итеріп шығаратын. Тек 1906 жылы, яғни 15 жылдан кейін металл шеңбер мен тор (қазіргі ринг) пайда болды.