
Сол жылы 18 жастағы Верди болашағын музыкамен байланыстырамын деп, консерваторияға құжат тапсырады. Алайда емтихан комиссиясы «отырысы дұрыс емес», «техникасы әлсіз» деген сынмен талантты жігітті кері қайтарады. Бірақ уақыт бәрін өз орнына қойды. Верди тынымсыз еңбегінің арқасында әлемдік музыка өнерінің дара тұлғасына айналып, аты аңызға айналған композитор болды. Ал оны қабылдамаған оқу орны кейін дәл сол Вердидің есімімен аталды. Бұл – таланттың жолын ешқандай тосқауыл бөгей алмайтынының айқын дәлелі.