Ғалам ғажаптары • 07 Мамыр, 2025

Брайль қарпінің бастауы

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көру қабілеті төмен жандарға арналған Брайль қарпі — адамзат тарихындағы гуманистік жаңалықтардың бірі. Осынау ғажап жүйенің пайда болуына ең әуелі әскери қажеттілік себеп болған.

Брайль қарпінің бастауы

XIX ғасырда офицер Шарль Барбье түнгі ұрыстарда сарбаздардың бір-бірімен жарықсыз әрі дыбыссыз байланыс орнатуы үшін бедерлі нүктелер жүйесін ойлап тапқан. Бірақ оның жазуы тым күрделі еді, яғни әр таңба 12 нүктеден тұратындықтан, саусақпен оқу өте қиын болған. Сондықтан бұл жүйе кең қолданыс таппады. Ал оның әлсіз тұстарын Луи Брайль байқап, шрифтті 6 нүктеге дейін ықшамдап, 1837 жылы жаңа әліпби жасап шығарды.