
Ланитал әскери мақсатта көп қолданылған. Оны америкалықтар да өндіріп, жауынгерлерге арнап бас киім тіккен. Алайда 40-жылдардың соңына қарай ланиталдың дәуірі аяқталып, біртіндеп қолданыстан шықты. Себебі сапалы әрі арзан синтетикалық маталар латиналға қарағанда жауын-шашынға төзімді болды.