
Экономиканы әртараптандыру жөніндегі қызметті күшейту қажеттілілігі де Президент назарынан тыс қалмады. Бұл үшін, атап айтқанда, Үкімет пен әкімдерге өңірлердегі және жетекші қалалардағы қайта өңдеу кәсіпорындарының құрылыс деңгейін арттыру, қайтарылатын активтерді ірі өнеркәсіптік жобаларды іске қосу мүддесінде пайдалану және орта бизнес субъектілері арасынан көшбасшы компаниялар тобын қалыптастыру тапсырылды. Бұл өз кезегінде биліктің барлық деңгейдегі бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимылын кеңейтуді талап етеді.
Қазақстан үшін жаңартылған және тиімді шарттарды ұзарту мәселелері бойынша жетекші инвесторлармен келіссөз жүргізу қажеттігіне назар аударылды. Сол арқылы Қарашығанақ, Қашаған, Теңіз және басқа да мұнай-газ кен орындарын игеруге қатысатын шетелдік компанияларға олармен қарым-қатынаста Үкіметтің еліміздің ұлттық мүддесін басшылыққа алатыны туралы нақты белгі берілді. Олардың одан арғы қызметі көбіне тиісті «ойын ережелерін» қабылдауға қаншалықты дайын екеніне байланысты болады.
Президенттің екінші деңгейдегі жекелеген банктерге және олардың иелеріне 2017-2020 жылдары қолдау ретінде алған қаржысын мемлекетке қайтаруға қатысты нақты талап қойды. Осылайша, мемлекеттің олигархтармен қарым-қатынасында жаңа «ойын ережелерінің» беталысы байқалып қалды.
Барлық мемлекеттік орган мен олардың лауазымды тұлғаларының азаматтармен өзара іс-қимыл деңгейін арттыру және тетіктерін жетілдіру қажеттілігі де тағы ескертілді. Сондай-ақ Президент кейбір министрлерді ғана ауыстырумен шектеліп, Үкіметке өз жұмысын ағымдағы құрамда жалғастыруға карт-бланш берді.
Андрей ЧЕБОТАРЕВ,
«Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры