Мәдениет • 13 Мамыр, 2024

Жырла, жүрек!

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама бас­қар­масының ұйытқы болуы­­мен, Кенен Әзірбаев атын-
­­дағы облыстық филар­мо­ния­­­ның ұйымдастыруымен Жазу­­шылар одағының мү­ше­сі, ақын-композитор, Мә­де­ниет саласының үздігі Үміт Битенованың «Жырла, жү­рек!» атты поэтикалық кеші өтті.

Жырла, жүрек!

Әдемі әндермен әдіптеліп, шұ­рай­лы шумақтармен әрленген кеш барысында «Әзіл әлемі» театры­ның актері Аманғали Сыпабеков бастап, жергілікті өнерпаздар қоштап, Ү.Би­те­нованың авторлық әндерін шырқады.

Қаламгердің мерей­­тойына орайластырылып өт­кізіл­ген кешті белгілі ақын Бақыт Беделхан жүр­гізді. Жырдан шашу ша­шыл­ған әдеби іс-шараға арнайы келген Мем­лекет­т­ік сыйлықтың лау­реа­­ты Ғалым Жайлыбай, Жазу­шы­лар одағы төрағасының орын­басары Қасымхан Бегманов ізгі тілек­терін жеткізді.

Облыс әкімі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаев, Мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма­сының басшысы Ерлан Жүнісбай, облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиев, сондай-ақ Мәжі­ліс депутаттары Мұқаш Ескендіров пен Гүлдара Нұрымова да ақынға деген ақжарма тілектерін айтып, шығармашылығына табыс тілеп, құрмет көрсетті.

Поэзия төрге озған кеште Асқар Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрының ұжымы әдеби-ли­ри­­калық композиция қойып, ақын шы­ғармаларын театр тілінде сөйлетті.

Атырау мен Алтай арасынан келген мәртебелі меймандар бұл күні жамбылдық ақынның шы­ғар­машылығы туралы ақжарма тілектерін аяп қалған жоқ.

Іс-шара соңында сөз алған мерейтой иесі әдебиет әлеміндегі еңбегін лайықты бағалаған жергілікті билік пен алыстан ат арытып келген қонақтарға, қара өлеңге аңсары ауған жерлестеріне ризашылығын жеткізді.