07 Сәуір, 2010

ЕЛ БІЛІМІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СҰРАНЫСҚА ИЕ БОЛУДА

567 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Жуырда Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универ­ситетінде “Tіmes Hіgher Educatіon - QS” халықаралық зерттеу агенттігінің аймақтық директоры Зоя Зайцева еліміздегі жоғары оқу орындары­ның өкілдерімен кездесті. Кездесу бары­сында 2010 жылға арналған универ­ситеттердің еуразия­лық рей­тингін (World Unіversіty Rankіng) әзірлеу және осы халық­аралық зерттеуге қатысу шарттары талқыға салынды. З.Зайцеваның айтуынша, бүгін­де көптеген жоғары оқу орындары мен білім министрлік­терінің сырт­қы және ішкі сая­сатын жүргізу жұмысында “Tіmes Hіgher Educatіon – QS” халықара­лық зерттеу агенттігінің рейтингісіне (World Unіversіty Rankіng) ерекше басымдық беріліп, оның қорытын­­ды мәлімет­теріне үнемі назар аудары­лып келеді. Себебі, аталған халықаралық рейтинг әлемнің барлық академия­лық орталарында жоғары бағаланып, үкіметтік ұйымдардың қолдауына ие. Өткен жылы 20 миллионнан астам адам онлайн режимінде рейтинг қоры­тындысын қолданды. Қазіргі кезде QS халықаралық зерттеу агенттігі “World Unіversіty Rankіng – 2010” жаңа рейтингі бойын­ша ақпарат жинақтауды баста­ды. Осы жоба аясында білім беру саласында алғаш рет әлемдік университеттерге шолу жасалып, Орталық Азия аймағындағы 130 елдің 2 мыңнан астам жоғары оқу орнының қызметі зарделенбек. Олардың ішінде Қазақстанның университеттері де бар. Рейтинг бүгінгі еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие мамандарды даяр­лай­­тын жоғары оқу орындарын анықтауға мүмкіндік береді. Маманның пікірінше, Қазақ­стан­ның біліміне деген халықара­лық сұранысты қалыптастыруға әбден болады. “Мамандардың болжамы бойынша шетелде білім алатын жастардың үлесі жыл сайын өсетін болады. Сондықтан осы халықара­лық білім беру үрдісіне қатысып, өзінің атын шығаруға ұмтылатын университет­тер үшін бұл үлкен мүмкіндік. Осы орайда Қазақстан­ның біліміне деген сұраныстың болуы заңды. Мәсе­лен, шетелден келетін жастар мұнай-газ және аймақтық зерттеу­лер бойынша білім алуға ниетті. Ол үшін, ең алдымен, шетелдіктер Қазақстанда қанша университет бар екенін білуі тиіс. Екіншіден, сол жоғары оқу орын­дарындағы білім деңгейі және онда оқығаннан кейін қандай қызметтік жетістік­терге жете алатындығы жайында жан-жақты хабардар болуы қажет”, – деді З.Зайцева. Оның айтуынша, бүгінгі таңда кез келген университетті халық­аралық деңгейге шығару үшін сол оқу орны туралы барлық ақпарат­ты ағылшын тілінде тарату қажет. “Университет­тің веб-сайтындағы барлық мәлі­мет­тер үнемі ағыл­шын тіліне аударылып отыруы тиіс. Аталған агенттікте 100-ден астам маман қызмет етуде. Олардың екеуі ғана орыс тілінде ақпарат жинайды. Қалған сарап­шы­лардың бәрі ағылшын тіліндегі мәлімет­термен жұмыс істейді. Сондықтан университет­тердің рейтингін әзірлеу бары­сында ағыл­шын тілінде ұсынылған ақпарат­тарға баса назар аудары­лады. Осының негізінде халық­ара­лық рейтинг даярланып, жоғары оқу орындары бүкіл әлемге танылады. Айта кетейік, Халықаралық зерттеу агенттігінің 2009 жылғы рейтингіне қатысқан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универси­теті, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техника­лық универ­ситеті және Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті әлемдегі үздік 700 университеттің қатарынан көріне білді. Ал Гарвард университеті 2004 жылдан бері бірінші орыннан түспей келеді. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.