Ауа райы • Бүгін, 00:30

Тұман, көктайғақ: 25 қарашаға күн райы болжамы жарияланды

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазгидромет 25 қарашада ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Тұман, көктайғақ: 25 қарашаға күн райы болжамы жарияланды
Синоптиктердің болжамы бойынша, Жетісу облысының батысында, орталығында, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарындағы екпіні 15-20 мс, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.
 

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында да тұман болады деп болжанады.  

Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні -  15-20 м/с.

Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында да тұман болады деп болжанады.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Түнде Қарағанды облысының шығысында көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман болады. Күндіз облыстың солтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15 м/с. Қарағандыда 25 қарашада тұман болады деп болжанады.

Түнде Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында қар жауады, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман болады. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

Түнде Шығыс Қазақстан облысында, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Өскеменде 25 қарашада түнде көктайғақ болады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ, тұман болады деп болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қостанайда 25 қарашада көктайғақ болып, күндіз оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі.

Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында және орталығында да тұман болады деп болжанады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар), қөқтайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Петропавлда 25 қарашада оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Ақмола облысында тұман, түнде көктайғақ болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Көкшетауда 25 қарашада тұман, түнде көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с.

Астанада 25 қарашада тұман, түнде көктайғақ болады.