
«Бүгінгі күні мұғалімдерді 85 университет дайындап жатыр. Анықтап қарасақ, ішінде дәрігерді дайындайтын оқу орны да мұғалімді дайындап жатады. Политехникалық оқу орындары да бар. Яғни, өзінің профиліне келмейтін оқу орындары көп. Соларды азайтып, сапаны арттыруымыз керек», - деді Асхат Аймағамбетов.