
Казутин Николай Юрьевич
1982 жылы 28 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2003 жылы Қазақ экономикалық университетін бітірген. Мамандығы бухгалтерлік есеп және аудит.
Еңбек қызметі
• 2001 жылы ақпаннан бастап «Өнеркәсіптік сақтандыру тобы» ААҚ филиалдарының бухгалтерлік есебін жүргізуші және сақтандыру бойынша маман болып жұмысын бастаған, Алматы қ.;
• 2003 жылдың шілдесінен бастап 2005 жыл аралығында – «Amanat Insurance» Сақтандыру компаниясы» АҚ қаржылық талдаушысы, Алматы қ.;
• 2005 жылғы наурыздан бастап 2006 жыл аралығында – «Казинтерполис» Сақтандыру брокері» ЖШС қаржылық талдаушысы, Алматы қ.;
• 2006 жылғы наурыздан бастап 2016 жылдың маусымы аралығында – «Прайсуотерхаускуперс Такс Энд Эдвайзори» ЖШС департаментінің аға менеджері, Алматы қ.;
• 2016 жылғы тамыздан бастап 2018 жылдың қаңтары аралығында – «Көкшетау минералды сулары» АҚ кеңесшісі, Көкшетау қ.;
• 2018 жылғы қаңтардан бастап 2019 жылғы қараша аралығында – «Шығыс Қазақстан өңірлік энергетикалық компаниясы» АҚ Ішкі аудит қызметінің басшысы, Өскемен қ.;
• 2020 жылғы 24 қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының орынбасары.