Ауа райы • Кеше

Қостанай облысында көлік қозғалысы шектелді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында Ақтөбе облысының шекарасынан Денисовка ауылына дейін жол жабылды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі.

Қостанай облысында көлік қозғалысы шектелді

– 2025 жылғы 1 желтоқсан сағат 20:30–да Ақтөбе облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Қостанай – Рудный – Денисовка -Комсомол – Қарабұтақ» автожолының 234-385 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ақтөбе облысының шекарасы – Денисовка ауылы) жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды, – делінген компания таратқан мәліметте.

Жолды 2025 жылғы 2 желтоқсан сағат 00:00–де ашу жоспарланған.