Ауа райы • Бүгін, 00:30

Астана мен 16 өңірде дабылды ескерту жарияланды

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Синоптиктер 2 желтоқсанда Астана қаласында және еліміздің 16 өңірінде дабылды ескерту жариялады. Еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астана мен 16 өңірде дабылды ескерту жарияланды
 
 

Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола облысында түнде солтүстікте және шығыста жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады, түнде және таңертең солтүстікте және шығыста тұман түседі. Көкшетауда түнде және таңертең көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз батыста көктайғақ болады, батыста, солтүстікте және шығыста тұман түседі деп болжанып отыр. Петропавлда түнде және таңертең тұман түседі.

Қостанай облысында солтүстікте түнде және таңертең көктайғақ болады, ал батыста, солтүстікте және шығыста тұман түседі. Қостанай қаласында түнде және таңертең көктайғақ болады.

Павлодар облысында түнде және таңертең солтүстікте, батыста және шығыста тұман түседі. Павлодарда түнде және таңертең тұман түседі.

Қарағанды облысында таңертең және күндіз батыста және солтүстікте көктайғақ болады, ал түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман түседі. Қарағандыда түнде және таңертең тұман түседі.

Ұлытау облысында түнде және таңертең солтүстікте, шығыста және орталықта тұман түседі.

Ақтөбе облысында түнде және таңертең солтүстікте және шығыста тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең батыста, солтүстікте және шығыста тұман түседі. Оралда түнде және таңертең тұман түседі.

Маңғыстау облысында күндіз батыста қатты жаңбыр болады, ал түнде және таңертең солтүстік-шығыс пен орталықта тұман түседі. Ақтауда түнде және таңертең тұман түседі.

Атырау облысында түнде және таңертең батыста тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең солтүстікте және оңтүстікте тұман түседі, ал күндіз облыстың оңтүстік-шығысында шығыстан және оңтүстік-шығыстан 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Абай облысында түнде және таңертең шығыста және оңтүстікте тұман түседі, таңертең және күндіз солтүстікте және орталықта 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Алматы облысында түнде және таңертең оңтүстікте және таулы аймақтарда тұман түседі.

Жетісу облысында түнде және таңертең шығыста және таулы аймақтарда тұман түседі, Алакөл көлдері ауданында 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Түркістан облысында түнде және таңертең батыста, оңтүстікте және таулы аймақтарда тұман түседі. Түркістанда түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда облысында түнде және таңертең солтүстікте және орталықта тұман түседі. Қызылордада түнде және таңертең тұман түседі.