Энергетика • Кеше

АИ-92 бағасы өседі деген ақпарат шындыққа жанаспайды – министрлік

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Энергетика министрлігі жанар-жағармайға қатысты баға мораторийі әлі де күшінде екенін ресми түрде мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

АИ-92 бағасы өседі деген ақпарат шындыққа жанаспайды – министрлік

Министрлік ақпараттық сервистердегі немесе цифрлық карталардағы мәліметтер шекті бағаны қайта қарауға негіз болмайтынын атап өтті. Егер қандай да бір жанармай құю бекетінде белгіленген шектен жоғары баға тіркелсе, әрбір оқиға уәкілетті органдар тарапынан жеке қаралады.

– Энергетика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен және өңірлік штабтармен бірлесіп бағаның тұрақтылығын үздіксіз бақылап отыр. Нарық субъектілері тарапынан негізсіз өсім анықталған жағдайда заң аясында шаралар қабылданады, – делінген ресми хабарламада.

Министрлік азаматтардан бағаның шекті деңгейден асып кету жағдайлары анықталған кезде келесі Call-орталық нөмірлеріне хабарласуды сұрайды:
+7 (701) 855-02-48, +7 (7172) 57-44-81.