• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Өндіріс Бүгін, 08:33

Балық өнеркәсібін дамыту қажет

10 рет
көрсетілді

Балық өнеркәсібі қазір кенжелеп тұр. Атырау секілді балықты өңірлерде бұл шаруашылықты жандандыру өте маңызды. Өңірлерді аралап жүрген сенаторлар осы мәселеге зер салды.

Сенат депутаты Әлібек Нәу­тиев Атырау облысының тұрғын­дармен кездесті. Атыраулықтар салық салу, кәсіподақ ұйымда­рының жұмысы, геологиялық барлау мен жекелеген министр­ліктер жұмысының тиімділігі туралы мәселелерді көтерді. Сенатор барлық өтініш жүйе­леніп, тиісті мемлекеттік органдарға жіберілетінін айтты.

Сондай-ақ депутат Махамбет ауданындағы Талдыкөл ауылында салынып жатқан балық зауытында болды. Өндірістің жылына 100 тонна балық пен 15 млн қызыл балық шабағын өсіруге әлеуеті бар. Бүгінде кәсіпорын құрылысы аяқталуға жақын. Дегенмен былтыр­ғы су тасқынының салдарына бай­ланысты өнеркәсіпті іске қосу күрде­лене түскен. Жылыжайлар зақым­далып, балық өңдеуге арнал­ған жабдықтар істен шыққан. Талды­көл ауылындағы кірме жолды жөндеуге ішінара қаржыландыру қосымша проблемаға айналған. Бұл да құрылыстың аяқталуын тежеп отыр.

«Балық өнеркәсібі – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі ғана емес, жұмыспен қамту және табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануға әсер ететін стратегиялық маңызды сала. Мұндай жобаларды осы Атырау секілді балықты өңірлерде іске асырып, дамыту қажет. Оған, әрине, мемлекеттік қолдау керек», деді сенатор.

Сенат депутаттары Бекболат Орынбеков пен Сәкен Арубаев Жамбыл облысындағы Меркі және Қордай аудандарында болды. Олар Меркі ауданындағы жылу қазандықтарының жай-күйімен, жал­пы өңірдің жылыту маусымына дайын­дығымен танысты. А.Қо­сан­ұлы атындағы №18 орта мек­теп­тің жылу құбырын ауыстыру жұ­мысын да көрді. Қазір мұнда жұмыстың 80 пайызы аяқталған.

Ал Қордай ауданында депутаттар аудандық орталық аурухана мен Д.Қонаев атындағы №1 мектеп-гимназиясында болып, білім беру және денсаулық сақтау мәселелерін талқылады.

Сенатор Айнұр Арғынбекова да Абай облысындағы Абай және Бесқарағай аудандарындағы дәрігер­л­ік мекемелердің жай-күйі мен балалардың жазғы демалы­сын ұйымдастыру барысын көрді. Орда, Медеу және Саржал ауылда­рындағы жаңа фельдшер-акушерлік бекеттердің жұмысымен танысты. Дәрігерлік мекемелер «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынып, пайдалануға берілген. Алайда сенатор атап өткендей, аумақты абаттандыру, септик салу, ішкі үй-жайларды жарақтандыру секілді мәселелер шешімін таппай отыр.

«Біз барған дәрігерлік мекемелер негізгі стандарттарға сәйкес келеді, бірақ абаттандырудан бастап санитарлық жағдайды қамтамасыз етуге дейінгі жұмыстар ақсап тұр. Шалғай ауылдағы әр тұрғын өз денсаулығына мемлекет көңіл бөлетінін сезінуі керек», деп атап өтті сенатор.

Абай аудандық аурухана­сының ғимаратын да күрделі жөндеу, кө­лік қажет, медицина мамандары тапшы.

Ал Сенатор Амангелді Нұғ­ма­нов Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде болды. Университет ректоры Лау­ра Қарабасова инновация саласындағы жобалар мен инже­нер кадрларын даярлау ісіне тоқталып, 100 мыңнан аса студент­ті қамтитын AI-Sana ұлттық жобасына университеттің де қатысқанын жеткізді.

«Аймақтық университеттер ғылым мен технологияны тарту орталығына айналуы керек. Олардың міндеті – кадр даярлау­мен қатар аумақты дамытудың көшбасшысы болуға ұмтылу. Түлек­тердің өңірде қалуына және туған өлкені дамытуға жағдай жасау қажет», деді сенатор.

Депутат университеттің инфра­құ­рылымымен, Heriot-Watt University кампусымен, инно­вация­лық технология паркімен, жастар үйімен және ғылыми кітапханамен танысты.