• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Digital Бүгін, 16:11

Айдың күрделі қабаттарын зерттейтін робот жасалды

20 рет
көрсетілді

АҚШ-тағы Техас A&M университетінің инженерлері Айдың күрделі кратерлері мен бедерін зерттеуге арналған ерекше робот – RoboBall-ды жасап шығарды, деп жазады Egemen.kz.

RoboBall-дың басты ерекшелігі оның шар пішінді конструкциясы. Бұл робот доңғалақты роверлерден өзгеше, өйткені ол түрлі кедергілерден домалап өтіп, қиын беткейлерді оңай еңсереді.

Жоба алғаш рет NASA-да 2003 жылы басталған. RoboBall II зертханалық үлгісі диаметрі 61 см, маятник пен мотор жүйесінің көмегімен қозғалады. Тест кезінде ол құм, қиыршық тас, шөп, тіпті судан да өтіп, сағатына 32 км жылдамдыққа жеткен.

Жетілдірілген RoboBall III үлгісі диаметрі 183 см, камералар, датчиктер және топырақ сынамаларын жинауға арналған құралдар тасымалдай алады. 

Инженерлер RoboBall-ды жақын уақытта дала сынақтарына шығарып, Айды зерттеу экспедицияларында қолдануды жоспарлап отыр. Сонымен қатар роботты Жердегі іздестіру-құтқару жұмыстарында да пайдалануға болады.