• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 14:50

Дональд Трамп Чикагоны «әлемдегі ең қауіпті қала» деп атады

60 рет
көрсетілді

АҚШ президенті Дональд Трамп Чикагоны әлемдегі ең қауіпті қала деп мәлімдеді. Бұл туралы ол Truth Social желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Чикаго – ең қорқынышты және ең қауіпті қала. Иллинойс штатының губернаторы Джей Притцкерге шұғыл көмек қажет, бірақ ол әзірге мұны білмейді»,  деп атап өтті Трамп.

Президенттің айтуынша, соңғы демалыс күндері Чикагода кемінде 54 адам оқ жарақатын алып, 8 адам қаза тапқан. Ол жағдайдың жедел араласуды талап ететінін айтып, қаланы қауіпсіз етемін деп уәде берді.

«Мен қылмыс мәселесін тез шешемін. Вашингтонда қалай істесем, Чикаго да солай қайтадан қауіпсіз болады», деді Трамп.

Айта кетейік, 12 тамызда Пентагон АҚШ Ұлттық гвардиясының 800 әскери қызметкерін Вашингтонға жіберді. 21 тамызда Трамп гвардия сарбаздарымен бірге ел астанасының көшелеріне шығып, қылмыспен күрес жұмыстарын бақылаған. Президент полиция мен әскери қызметкерлердің еңбегін жоғары бағалап, олардың арқасында елдегі құқықбұзушылық деңгейі айтарлықтай төмендегенін айтты.

Оның дерегінше, ұлттық гвардия енгізілгеннен кейін Вашингтонда бір апта ішінде бірде-бір кісі өлтіру фактісі тіркелмеген, ал қылмыс деңгейі 87%-ға төмендеген.

Соңғы жаңалықтар