Энергетика министрлігі тамыз айында Қазақстанда мұнай өндіру көлемі тәулігіне 1,712 млн баррель болғанын хабарлады.
Бұл көрсеткіш шілде айымен салыстырғанда тәулігіне 48 мың баррельге төмен.
— Энергетика министрлігі кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған, елімізде мұнай өндіру деңгейі тамызда өткен аймен салыстырғанда артты деген ақпаратты түбегейлі жоққа шығарады, — делінген сәрсенбі күні жарияланған министрлік мәлімдемесінде.