• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 18:18

Түркияда жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

30 рет
көрсетілді

Бүгін таңертең Түркияның Шанлыурфа – Газиантеп тасжолында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан 27 жолаушы зардап шеккен, олардың үшеуінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

İHA агенттігінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Шанлыурфа провинциясының Суруч ауданына жақын маңда болған. Автобус жүргізушісі көлікті басқара алмай, жол жиегіне шығып, аударылған.

Оқиға орнына дереу өрт сөндірушілер мен жандармерия бөлімшелері жеткен. Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар жедел жәрдем көліктерімен Шанлыурфа мен Низип қалаларындағы ауруханаларға жеткізілген.

Апат кезінде автобуста жүргізушіні қосқанда 43 адам болған. Көлік Ван қаласынан Хатайға бет алғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары басталды.