• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 18:01

Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті

30 рет
көрсетілді

Алматы облысындағы Көлсай көлдерінің маңында туристерді тасымалдайтын микроавтобус тау беткейінен төмен қарай құлап, аударылып қалған. Әлеуметтік желіде тараған видеода көліктің таудың тік беткейімен екпіндей құлдилап бара жатқаны анық көрінеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға бүгін, 25 сәуірде таулы аймақта болған. Алдын ала мәлімет бойынша, микроавтобус тұрақ аймағынан өздігінен төмен қарай қозғалып кеткен.

Атырауда мектеп оқушысын автобус қағып кетті

Полицияның мәліметінше, көлік құлаған сәтте оның ішінде ешкім болмаған.

«Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Көлік иесі полицияға арыз беруден бас тартты және ешкімге талабы жоқ екенін айтты», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр. Тәртіп сақшылары таулы аймақта көлікті тұраққа қою кезінде өте мұқият болу қажеттігін еске салады.

Қарағанды облысында 50 жұмысшы мінген автобус аударылды

Соңғы жаңалықтар