Редакция таңдауы
Басты мақсат – халықтың әл-ауқатын жақсарту
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Қызылорда қаласында өңірдің әлеуметтік саласын дамыту мәселелері қаралды. Кеңеске облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, сондай-ақ салалық министрліктердің өкілдері қатысты.
20 Қаңтар, 2026
Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып келеді. Ұлттық құрылтайдың төрт отырысында жарияланған бастамалар елді кешенді жаңғырту мен трансформациялаудың маңызды тетігіне айналды. Бұл бағыттағы нақты қадамдар заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етіліп, 26 заң қабылданды.
20 Қаңтар, 2026
Агросаланы дамытудың кешенді жоспары
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленген Мал шаруашылығын дамытудың 2026–2030 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасы қаралған жиын өткізді. Құжатта мал басын көбейтуге, өнімділікті арттыруға, экспорттық әлеуетті кеңейтуге бағытталған мемлекеттік қолдаудың негізгі тәсілдері мен тетіктері қамтылған.
20 Қаңтар, 2026
Талдау мектебіне кезекті лек қабылданды
Парламент Сенатының жанындағы Талдау мектебінің бесінші легі қабылданып, дәрістер басталды. Биыл бұл жобаға 1000-нан астам үміткерден өтінім келіп түскен. Конкурстық іріктеуден 71 қатысушы өтті, яғни бір орынға 14 адам үміткер болды. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жаңа кезеңнің алғашқы дәрісінде цифрлық техөнологиялар дәуіріндегі талдау жұмысының тұжырымдамалық қырлары туралы айтты.
20 Қаңтар, 2026
Конституциялық реформа: Елдің жаңа саяси тұрпаты
Кеше Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.
20 Қаңтар, 2026
Аида Балаева жас авторлардың шығармаларын насихаттауға қатысты жаңа бастама ұсынды
Қызылордада V Ұлттық құрылтай аясында «Әлеуметтік-мәдени даму» секциясының отырысы өтті. Отырыс жұмысына Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева төрағалық етті. Талқылауға Парламент депутаттары, шығармашылық зиялы қауым өкілдері және қоғам қайраткерлері қатысты, деп жазады Egemen.kz.
19 Қаңтар, 2026
Украинаға қауіпсіздік кепілдіктері беріле ме?
Давоста өтіп жатқан Дүниежүзілік экономикалық форумда Украина тақырыбы Дональд Трамптың Гренландияға қатысты талаптарына байланысты екінші орынға ысырылды, деп жазады Egemen.kz.
19 Қаңтар, 2026
Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Жиында заң шығару жүйесін жаңғыртуға бағытталған ұсыныстар мен қоғамнан түскен пікірлер талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
19 Қаңтар, 2026
Тоқаев: Конституцияның бірден бірнеше бөлімін қайта қарау қажет болады
Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Мемлекет басшысы еліміздің сапалық тұрғыдан мүлдем жаңа саяси тұрпаты қалыптасып жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Қаңтар, 2026
Жалған ақпарат: Алматыдағы мектептерге террористік шабуыл жасалуы мүмкін
Әлеуметтік желіде Алматы қаласында орналасқан біренеше мектепке террористік шабуыл жасалатыны туралы хабарлама тарады. Қала полициясы жаппай тарап жатқан хабарламаға қатысты түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.
19 Қаңтар, 2026
Өскеменде су мен кәріз қызметінің бағасы өзгерді
Өскемен қаласында су мен кәріз қызметінің бағасы қымбаттады. «Өскемен Водоканал» кәсіпорнының мәліметіне сүйенсек, биыл қосылған құн салығының өсуіне байланысты су және кәріз қызметтері де қымбаттады, деп жазады Egemen.kz.
18 Қаңтар, 2026
Тау шаңғысынан Италияның Поцца-ди-Фасса қаласында жасөспірімдер арасында өткен халықаралық турнирдің алып слалом сайысында Александра Скороходова алтыннан алқа тақты. Күміс, қола медальдарды канадалық Симона Сент-Пьер мен америкалық Ноэль Рот иеленді. Былтырғы қарашада Скороходова Финляндиядағы жарыста алдына жан салмай, желтоқсанда Италиядағы бәсекеде жүлдегерлер қатарына қосылған еді.
17 Қаңтар, 2026
Жергілікті жерлерде кәсіпкерлікке ден қойып, белгілі бір іспен тыңғылықты шұғылданып жүрген адамдарға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау көп. Соның ішінде «Ауыл аманаты» бағдарламасын ауыз толтырып айтуға болады.
17 Қаңтар, 2026
Есім кіре бастаған кезде байқағаным, біздің үй басқаларға қарағанда жүдеулеу тұрады екен. Ең алдымен есігіміздің алдында мал түгілі, қора-қопсымыз да жоғын аңғардым. Оның себебін кейін білдім. Сөйтсем, әкем Қуанышбек Солты болыстың жалғыз ұлы, яғни байдың баласы болғаны әрі жарты әлемді кезіп, мұсылманша оқығаны үшін кеңес өкіметіне жақпай, оған өзге елдің тыңшысы деген жала жауыпты.
17 Қаңтар, 2026
Балық шаруашылығында береке бар
Еліміздегі жылына 120 мың тонна балық өңдейтін 72 кәсіпорынның қатарында Сыр бойындағы өндірістер де бар. Әсіресе Арал ауданы бұл бағытта біраз жобаны іске асырып отыр. Қазір облыста Кіші Арал теңізінің 18 учаскесі, Сырдария өзені, 17 көл тіркелген. Теңізде мекендейтін 19 түрлі балықтың 16-сы ауланады.
17 Қаңтар, 2026
Мемлекеттік сыйлыққа өтінім қабылданады
Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа өтінім қабылдау басталды. Мемлекеттік сыйлық отандық және шетелдік авторларға әдебиет пен өнер саласындағы үздік шығармалары үшін беріліп келеді.
17 Қаңтар, 2026
Энергетикалық нысандарды аралады
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Павлодар облысына жасаған жұмыс сапары барысында өңірдің негізгі энергетикалық, өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарын аралады.
17 Қаңтар, 2026
Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы ашылды
Алматы қаласында Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған стратегиялық маңызды нысан – Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығының ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, сондай-ақ Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды қатысты.
17 Қаңтар, 2026
Отандық өнімдер әлемдік нарыққа таныстырылды
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Берлиндегі Grüne Woche көрмесінде Қазақстанның Ұлттық павильонын ашты.
17 Қаңтар, 2026
Қаржы ұйымдарымен ынталы ынтымақтастық
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкіметтің Халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
17 Қаңтар, 2026