Киев, Украина (Фото: Ефрем Лукацкий / AP)
Бұдан бірнеше күн бұрын Еуропалық одақ көшбасшылары Трампты соғыстан кейінгі Украинаға қауіпсіздік кепілдіктерін беруге көндіруді жоспарлаған еді. Алайда қазір олар «оның уәделеріне сенуге бола ма?» деген күмәнға келіп, күн тәртібін шұғыл түрде қайта қарап жатыр.
Украина бойынша бейбіт келісім: Зеленский Трамппен Флоридада кездеседі
Бұған Трамптың Данияны қолдап, оның Гренландияға қатысты жоспарларына қарсы шыққан ЕО елдеріне баж салығын енгіземін деген қоқан-лоқысы себеп болған. Брюссельде жауап ретінде қарсы тарифтер енгізу және америкалық компаниялардың ЕО нарығына қолжетімділігін шектеу мәселелері талқыланып жатыр. Дегенмен әзірге дағдарысты дипломатиялық жолмен шешуге үміт бар.
Бүгін Давоста өтетін ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілердің кездесуі Украина емес, Гренландия тақырыбына арналады. Ал бейсенбі күні осы мәселеге байланысты Еуропалық одақтың шұғыл саммиті өтеді.
«Мұндай адаммен Украинаға қауіпсіздік кепілдіктері туралы қалай келіссөз жүргізуге болады? Оған сену мүмкін емес», деді еуропалық дипломаттар.
Айта кетейік, форум 19-23 қаңтар аралығында өтеді.
Зеленский Трамппен Украина мен АҚШ арасындағы еркін сауда туралы келісімді талқылады