павлодар облысы
Аймақтар • 18 Қаңтар, 2026
Павлодар облысындағы тасжолда 15 жылқы тиелген жүк көлігі өртенді
Павлодар облысында тасжолда 15 бас жылқы тиелген жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 18 Қаңтар, 2026
Павлодар облысында апалы-сіңілілер алаяқтарға 10 миллион теңге берген
Әйелдердің бірі зейнеткерлерге арналған дивиденд туралы жарнаманы интернеттен көрген. Кейін толық ақпарат алу үшін көрсетілген сілтеме арқылы өткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 18 Қаңтар, 2026
Павлодарда үсік шалғандар көбейді: 24 адам ауруханаға түсті
Павлодар қалалық №1 ауруханасының мәліметінше, қыс басталғалы 24 адам үсік шалумен түскен. Дәрігерлер 16 адамның аяқ-қолының саусақтарын кесуге мәжбүр болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2026
Павлодарда нейрожелі баланы ұру дерегін анықтаған
Оқиға Павлодар облысындағы психоневрологиялық арнайы мекемеде болған. Соққыға жығылған – 13 жасар аутизмі бар бала, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 09 Қаңтар, 2026
Екібастұзда туғанына 19 күн ғана толған сәби анасынан ажыратылды
Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия анасы нәрестені тұрақты тамақтандырмағанын анықтаған. Бұл жағдай бала өміріне және денсаулығына қауіп төндірген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Қаңтар, 2026
Сегіз жасар шабандоз қыз жаңа жылда армандаған тұлпарына қол жеткізді
Жаңа жыл мерекесі павлодарлық Ясмина Қожанова үшін нағыз ғажайып кезеңге айналды. Ол әлеуметтік желідегі қолдаушыларының арқасында өзі армандаған тұлпарын тізгіндеп, қуанышқа бөленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Табиғат • 05 Қаңтар, 2026
Павлодарда ауыл тұрғындары тағы бір аққуды құтқарды
Маралды ауылының тұрғындары сыңарынан айрылып, жалғыз қалған аққуды тауып алған. Қазіргі күні ол облыстағы хайуанаттарға арналған арнайы питомникке орналастырылды, дер хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Қаңтар, 2026
Павлодар әуежайы қайтарылған активтер есебінен жаңартылады
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау және еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде Павлодар облысында әуежайды жаңғыртуға кірісіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 02 Қаңтар, 2026
Баянауылда қысқы туризм ашылды
Жасыбай, Сабындыкөл және Торайғыр демалыс аймақтары жаңа жылдық демалыс күндері туристерді қабылдап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Желтоқсан, 2025
Павлодарда жол-көлік апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Полиция қайғылы жайт бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2025
Екібастұзда жеке компания домофон тарифін негізсіз көтерген
Кеншілер қаласында биылғы мамыр айынан домофон қызметі үшін төлем 550 теңгеден 700 теңгеге өсіп кеткен. Монополияға қарсы ведомство тарифтің негізсіз көтерілгенін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 23 Желтоқсан, 2025
Павлодарда денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Кучуков Ермек Ербатырұлы Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 23 Желтоқсан, 2025
Павлодарда мемлекеттік құпия мәліметтерді жинаған колонияның бұрынғы басшысы сотталды
№45 мекеменің бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс жабық режимде өтті. Істің жай-жапсары ашық айтылмайды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2025
Павлодарда құны 100 млн теңге тұратын жер мемлекетке қайтарылды
Ауыл шаруашылық айналымына енгізілмеген жерлердің жалпы аумағы екі жүз гектардан асқан. Жер учаскелері ұзақ уақыт пайдаланусыз тұрған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 17 Желтоқсан, 2025
Павлодарда мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болып Қазбек Арантаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Желтоқсан, 2025
Биыл қысқы уақытта Павлодарда 24 мұз айдыны жұмыс істейді
Мұз айдындарының төртеуінде келушілерге коньки тегін беріледі. Барлық алаңдарды 20 желтоқсанға дейін іске қосу жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2025
Екібастұзда Камаз бен жеңіл көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты
Жол-көлік оқиғасы салдарынан тағы бір адам жарақат алған. Полиция қайғылы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2025
Түнгі уақытта тыныштық бұзған 6 мыңнан астам павлодарлық анықталды
Павлодар облысында түнгі уақытта тыныштықты бұзған 6244 факті тіркелген. Бұл 2025 жылдың басынан бергі көрсеткіш. Айқай-шу шығарған тұрғындардың барлығы жауапкершілікке тартылған, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 09 Желтоқсан, 2025
Павлодар өңірінде 500 ер адам әскерден жалтарып жүр
Әскерге шақыру комиссиясы оларға іздеу жариялаған. Жалтарған ер азаматтардың жартысына жуығы облыс орталығында тұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 09 Желтоқсан, 2025
Керекуде 15 кітаптың тұсаукесері өтеді
Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Жазушылар одағының «ТМД елдерінің архивтеріндегі қазақстандық жазушылардың зерттеу жұмыстары» жобасы аясында жарық көрген 15 кітаптың тұсауы Павлодар қаласында кесіледі, деп жазады Egemen.kz.
Табиғат • 08 Желтоқсан, 2025
«Ертіс орманында» жабайы жануарларға қысқы азық орындары ұйымдастырылып жатыр
Орманшылар түз тағыларына азық ұйымдастыруды «биотехникалық іс-шара» деп атайды. Биыл резерват бойынша 61 азықтандыру орны бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 07 Желтоқсан, 2025
Павлодар облысында Олимпиада жүлдегері сотқа тартылды
Еркін күрестен Олимпиаданың қола жүлдегері Даулет Шабанбай Павлодар облысында сот алдында жауап беретін болды, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 04 Желтоқсан, 2025
Павлодарда кейбір кәсіпорындар қоршаған ортаны ластау лимитін асырып жіберген
Табиғат қорғау прокурорлары биыл жыл басынан мыңнан астам заңбұзушылықты анықтап, 900 млн теңгеге жуық айыппұлдар салған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Желтоқсан, 2025
Павлодар облысының әкімі әпкесінің қамауға алынуына қатысты пікір білдірді
Әлеуметтік желіде Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың туған әпкесі мас күйінде көлік жүргізгені үшін қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады. Облыс басшысы бұл жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2025
Павлодар облысында екі көлік соқтығысып, жеті адам зардап шекті
Павлодар облысында жол-көлік оқиғасынан жеті адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Қараша, 2025
Павлодарда үш апта бұрын жоғалған ер адам әлі іздестіріліп жатыр
Павлодар облысында 3 аптадан астам уақыт бұрын – 2025 жылдың 5 қарашасынан бастап із-түссіз жоғалған ер адамды құтқарушылар мен полиция үздіксіз іздеп жатыр. Жоғалған адам 1968 жылы туған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Қараша, 2025
Павлодар облысында «Богатырь Көмір» кенішінде жұмысшы қаза тапты
Павлодар облысындағы «Богатырь Көмір» кенішінде қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 23 Қараша, 2025
Павлодарда ер адам 45 жыл бойы ешбір құжатсыз тұрып келген
48 жасар Андрей Дягель Ертіс-Баян өңірін 1980 жылдан бері мекендейді. Осы уақыт бойы ешбір құжатсыз өмір сүріп келіпті, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 20 Қараша, 2025
Павлодар облысында 150 сыныптың оқушылары қашықтан оқуға көшірілді
Бұған балалар арасында суық тию және тұмау ауруларының көбейіп кетуі себеп болып отыр. Қазіргі уақытта облыста 14 жасқа дейінгі 32,8 мың бала ЖРВИ-ға шалдыққан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 20 Қараша, 2025
Екібастұз қалалық сотында өтіп жатқан «Майқайыңалтын» кенішіндегі қайғылы жағдай бойынша сот процесі жарыссөзге ұласты. Прокурор кінәлі тұлғалардың әрқайсысына 4 жылдан жаза тағайындауды сұрап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.