Ермек Ербатырұлы 1974 жылы Ресей Федерациясының Алтай өлкесінде дүниеге келген. Жоғары білімді.
1998 жылы Семей мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша, 2000 жылы «Акушерлік және гинекология» мамандығы бойынша клиникалық ординатураны тәмамдаған.
2017 жылы Инновациялық Еуразия университетінің «Менеджмент» мамандығы бойынша магистратурасын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1991 жылы Павлодар облысының Жамбыл ауылында электромонтер болып бастаған.
2000-2009 жылдары Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінде дәрігер-онколог болып жұмыс істеді.
2009-2015 жылдары «Көліктегі медициналық қызмет көрсету» АҚ-ның «Павлодар станциясының теміржол ауруханасы» гинекология бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарды.
2015-2018 жылдары Павлодар қалалық №1 ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары болды.
2018 жылдан осы лауазымға тағайындалғанға дейін «Павлодар теміржол ауруханасы» ЖШС-нің директоры қызметін атқарды.
Павлодар облысы