Аймақтар • Кеше

Павлодарда құны 100 млн теңге тұратын жер мемлекетке қайтарылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыл шаруашылық айналымына енгізілмеген жерлердің жалпы аумағы екі жүз гектардан асқан. Жер учаскелері ұзақ уақыт пайдаланусыз тұрған, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Павлодарда құны 100 млн теңге тұратын жер мемлекетке қайтарылды

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы прокуратурасы мемлекет мүдделерін қорғау және жер ресурстарын заңды әрі тиімді пайдалану бойынша жүргізілген жұмыс аясында жер заңнамасының талаптарының бұзылуын анықтады.

Атап айтқанда, талдау барысында «Жанабет» шаруа қожалығына тиесілі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ұзақ уақыт бойы пайдаланылмағаны белгілі болған.

Аудан прокуратурасының ұсынысы бойынша Жер ресурстарын басқару департаменті пайдаланылмаған учаскелерді мәжбүрлеп алу туралы талап-арызды облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа жолдаған.

- Шаруашылық айналымына енгізілмеген жерлердің жалпы аумағы екі жүз гектардан асты. Жалға алу шарттары бұзылып, учаскелер мемлекеттік меншікке қайтарылды. Әкімдік қаулысымен бағалау құны 100 млн теңгеден асатын жер учаскелері мемлекет меншігіне ресімделді, - деп хабарлады өңірлік прокуратурадан.

Павлодар облысы

Соңғы жаңалықтар