Алдағы қысқы кезеңде Павлодар қаласында 24 мұз айдыны жұмыс істейді. Биыл алғаш рет Орталық алаңда қосымша екі мұз айдыны орналаспақшы.
- Қазіргі уақытта аулалар ішіндегі мұз айдындарын жабдықтау, мұз құю жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық алаңдарды ауа райы қолайлы болып тұрса 20 желтоқсанға дейін іске қосу жоспарланған. Аулалардағы мұз айдындарында сырғанау тегін болады. Орталық алаңда, Қалалық бақта, Гагарин саябағында және Малайсары 39 мекенжайындағы жабық хоккей кортында конькилерді тұрғындарға тегін беру қарастырылған. Өзге айдындарда келушілер өз конькилерімен сырғанай алады, - деп хабарлады Павлодар қаласының әкімдігінен.
Мұз айдындары жұмыс күндері - сағат 12.00 – 21.00, демалыс күндері – сағат 11.00-21.00 аралығында жұмыс істейтін болады.
Павлодар облысы