Денсаулық • Кеше

Екібастұзда туғанына 19 күн ғана толған сәби анасынан ажыратылды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия анасы нәрестені тұрақты тамақтандырмағанын анықтаған. Бұл жағдай бала өміріне және денсаулығына қауіп төндірген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екібастұзда туғанына 19 күн ғана толған сәби анасынан ажыратылды

Бұл туралы Екібастұз қалалық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хабарлады.

«Жаңа туған нәрестені (нәрестеге 19 күн) Павлодар қаласындағы балалар үйіне орналастыру туралы мәселе қаралды. Комиссия отырысында баланың тұрып жатқан жерінде қажетті жағдайлардың жасалмағаны, анасы сәбиін тұрақты тамақтандырмай, оның өмірі мен денсаулығына қауіпті жағдай тудырғаны анықталды», деп мәлімдеді комиссиядан.

Сәбидің анасы жұмыс істемеген, әлеуметтік жағынан тұрмысы қолайсыз. Әйелге қолданыстағы заңнама шеңберінде түсініктемелер берілген.

Соңғы жаңалықтар