Тараз
Қоғам • 20 Қаңтар, 2026
4 млн теңге айыппұл: Таразда көлік жүргізуші ұсталды
Жүргізуші 1 жыл ішінде 155 рет жол ережелерін өрескел бұзған. Ол тіпті биылғы 16 күннің ішінде 18 рет жол ережесін бұзып үлгерген екен, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Қаңтар, 2026
Таразда жанжал жиі тіркелетін мейрамханалар анықталды
Жамбыл облыстық полиция департаменті Таразда жиі жанжал тіркелетін кафе-барлар мен мейрамханалардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 11 Қаңтар, 2026
Ирандағы наразылықтар: мешіттер өртеніп, құрбандар туралы мәлімет тарады
Иранда желтоқсан айының соңынан бері жалғасып жатқан жаппай наразылықтар әлі де басылар емес. Ел аумағында интернеттің өшуіне байланысты оқиғалар туралы ақпаратты тәуелсіз түрде растау қиындап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Қаңтар, 2026
Жаңа жыл түнінде Таразда өрт болып, 100 адам эвакуацияланды
31 желтоқсанда сағат 22:18-де Тараз қаласында тұрғын үйлердің бірінің 5-ші қабатындағы балконнан өрт шыққан. Өрт қысқа уақыт ішінде бүкіл үйдің шатырына таралғанын Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2025
Тараз горнизонында бес егіз жұп қызмет етеді
Өңірлік «Оңтүстік» қолбасшылығына қарасты Тараз гарнизоны тек жауынгерлік даярлығы мен тәртібімен ғана емес, ерекше құрамымен де көзге түседі. Мұнда бірден бес жұп егіз ағайынды сарбаз мерзімді әскери қызмет атқарып жүр. Олардың әскердегі ортаға тезірек бейімделуі үшін егіздерді бір-бірінен бөлмеу туралы шешім қабылданған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 27 Желтоқсан, 2025
Тараз қаласындағы «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінің көрме залында өткен салтанатты жиында спорт саласы бойынша жыл үздіктері анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Тараздағы әскери мектеп-интернатқа барды
Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында мамандандырылған әскери мектеп-интернатының қызметімен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Президент • 25 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Тараздағы аритмология клиникасының жұмысымен танысты
Президент жүрек соғысының бұзылуын жедел емдеуге маманданған медициналық мекемеге барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 25 Желтоқсан, 2025
Тараздағы әскери мектеп-интернатқа Бауыржан Момышұлының есімі беріледі
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына сапары аясында өңір жұртшылығымен кездесіп, Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Кездесуде Президент Таразда жаңадан ашылған әскери мектеп-интернатқа Бауыржан Момышұлының есімін беруді ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 25 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев: Тараз – ежелгі өркениеттің ізі қалған жер
Мемлекет басшысы Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әскер • 13 Желтоқсан, 2025
Ұлттық ұлан сарбаздарының қырағылығы үлгі болды
Тараз қаласында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген 5513 әскери бөлімінің әскери жасағы қызметтік міндетін атқару барысында жол шетінде жерде жатқан қымбат маркалы ұялы телефонды байқап қалады. Табылған зат туралы олар дереу әскери жасақ кезекшісіне хабарлайды.
Мәдениет • 22 Қазан, 2025
Таразда республикалық театр фестивалі басталды
Биыл Асқар Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрының 90 жылдығы және қазақтың тұңғыш кәсіби режиссері, ұстаз, ұлы тұлға Асқар Тоқпановтың - 110 жылдық мерейтойы. Осыған орай Таразда республикалық театр фестивалі ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 21 Қазан, 2025
Тараз бен Қазақ қалалары бауырластық қатынас орнатты
Әзербайжан Президенті И. Әлиевтің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында Тараз және Қазақ қалалары арасында бауырластық қатынас орнату жөніндегі хаттамаға қол қойылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қазан, 2025
Автобус паркі 24 қоғамдық көлікпен толықты
Облыс орталығы Тараз қаласының аумағы кеңейген сайын қоғамдық көлікке де сұраныс артып отыр. Тұрғындардың тілегіне назар аударған жергілікті атқарушы билік автобус паркін 90 орындық 24 автобуспен толықтырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Қыркүйек, 2025
Тараз қаласындағы «Әлеуметтік базар» алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатымен кезекті жәрмеңке өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Көрме • 28 Қыркүйек, 2025
Түркістанда «TURKISTAN WORLD CRAFT FEST-2025» халықаралық фестивалі өтуде. Ауқымды іс-шараның алғашқы күні «Қолөнершілер орталығы» ашылып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 27 Қыркүйек, 2025
ЖИ арқылы дайындалған ертегілер
«Jaqmbyl» телеарнасы елімізде алғашқылардың бірі болып жасанды интеллект арқылы қазақ ертегілерінен мультфильм дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Қыркүйек, 2025
Таразда жасөспірім сыныптасын өлтірді деген күдікпен ұсталды
Қайғылы оқиға бүгін таңертең № 47 орта мектепте болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 2011 жылы туған жасөспірім мектеп дәретханасында сыныптасымен төбелесіп, жарақат алған. Басқа оқушылар оны үйіне алып кеткен, бірақ ол жедел жәрдем келгенше қайтыс болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қыркүйек, 2025
Тараздағы жасөспірімнің өліміне қатысты жаңа деректер жарияланды
Тараз қаласында жасөспірімдер арасында 1 қыркүйек күні жанжал болып, салдарынан 14 жастағы оқушы пышақ жарақатынан көз жұмды. Күдікті ретінде тау-кен технологиялық колледжінің студенті ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Оқиға • 02 Қыркүйек, 2025
Таразда 1 қыркүйекте болған төбелестен мектеп оқушысы қаза тапты
Әлеуметтік желіде 1 қыркүйекте Таразда кәмелетке толмағандар арасында жанжал болып, нәтижесінде олардың бірі пышақ жарақатын алғаны туралы ақпарат тарады. Ақпаратты Жамбыл облысының полиция департаменті растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Тамыз, 2025
Таразда жұмысшы жастарға арналған облыстық форум өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2025 жыл Қазақстанда «Жұмысшы мамандықтары жылы» болып жарияланды. Осы бастаманы қолдау мақсатында «AMANAT» партиясының Жамбыл облыстық филиалы Тараз қаласындағы «Қазфосфат» минералды тыңайтқыштар зауытының өндіріс аумағында «Жұмысшы жастар аманаты» атты облыстық форум өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Тамыз, 2025
120 орынды жатақхана пайдалануға берілді
Жамбыл облысында жұмысшы мамандықтар жылына орай 120 орындық жатақхана пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Абай • 11 Тамыз, 2025
«Абай әлемі»: Ақын шығармаларына арналған кеш өтті
Тараз қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Тектұрмас» этнотарихи кешеніндегі «Көне қамал» амфитеатрында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Абай әлемі» атты әдеби сазды кеш өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Тамыз, 2025
Таразда кеңес беру орталығы ашылды
Тараз қаласындағы «Almaz Medical Group» ЖШС емханасында әйелдерге кеңес беретін бөлімше ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 08 Тамыз, 2025
«Таза Қазақстан»: Қарашөкеев Тараздағы жұмысты тексерді
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласындағы «Ақбұлақ» шағынауданының аулаларын аралап, тазалық жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әйел әлемі • 31 Шілде, 2025
«Алтын» және «Күміс» алқалар табысталды
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков көпбалалы аналарға «Алтын» және «Күміс» алқаларды табыстау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Шілде, 2025
Таразда жасөспірімдер, ата-аналар және ойын-сауық орындарының иелері жауапкершілікке тартылды
Жамбыл облысында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел-алдын алу іс-шарасы басталды. Рейдтердің алғашқы тәулігінің өзінде полиция қызметкерлері бірқатар құқық бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 05 Шілде, 2025
200 оқушы «Ерке сылқым» күйін тартты
Таразда Ұлттық Домбыра күні мерекесіне орай күйші-композитор Әбдімомын Желдібаевтың шығармашылығына арналған «Саз серісі – Әбдімомын» атты іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 11 Маусым, 2025
Жамбыл облысында Экология департаментінің басшысы сотталды
Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің басшысы Т.Смағұлов, «Тараз металлургия зауыты» ЖШС Бас директорының орынбасары Б.Полатбеков және осы кәсіпорынның экологы М. Асан сотқа тартылды, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 29 Мамыр, 2025
Таразда «Қолөнершілер үйі» ашылды
Өңірде креативті индустрияны дамытуға бағытталған маңызды жұмыстар атқарылып жатыр. Тараз қаласында өңірдегі алғашқы ауқымды шығармашылық алаң «Қолөнершілер үйі» өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.