Президент • 25 Желтоқсан, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев: Тараз – ежелгі өркениеттің ізі қалған жер

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Тараз – ежелгі өркениеттің ізі қалған жер

Фото: Ақорда

«Жамбыл облысының ахуалы әкім Ербол Қарашөкеевтің баяндамасына қарағанда жаман емес. Бірақ облыстың алдында маңызды, өзекті мақсаттар тұр. Бұл мақсаттарды толығымен орындау – әкімнің және бүкіл қызметшілердің ең негізгі міндеті. Облыстың экономикасын күшейту керек. Оған қажетті жағдай да, мүмкіндік те бар. Белсенді жұмыс басталды», деді Президент.

Мемлекет басшысы жұмыстың қарқынын бәсеңдетуге болмайтынын тілге тиек етті.

«Тараз – ұлтымыздың асқақ рухы, бай мәдениеті, елдік мұраты және ерлік дәстүрі тоғысқан қала. Бұл – ежелгі өркениеттің ізі қалған жер. Шежірелі шаһардың жұртымыз үшін орны ерекше. Біз Тараздың екі мың жылдық тарихын мақтан етеміз. Әулиеата жерінде мемлекеттігіміздің тұғырын нығайтқан талай тарихи оқиғалар болды. Қазақ хандығы осы аймақта құрылған. Көне қала тоғыз жолдың торабында тұр. Ежелгі Ұлы Жібек жолы қарт Қаратаудың етегін басып өткен. Әйгілі керуен жолы жаңа заманда жаңа қарқынмен дамып келеді. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізі Жамбыл жері арқылы өтіп жатыр. Соның арқасында аймақтың стратегиялық маңызы артуда. Жамбыл облысы күн өткен сайын өркендеп келеді», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Президентке Жамбыл облысына инвестиция тарту және агроөнеркәсіп кешенін дамыту жобалары таныстырылғанын жазған едік. Биыл Жамбыл облысына 599,2 миллиард теңге инвестиция тартылған.

 

 

 

 
Соңғы жаңалықтар

Елімізде қанша колледж бар?

Білім • Бүгін, 17:57