фото: gov.kz
Полиция мәліметінше, екі ер адам автобус аялдамасында 13 жастағы мектеп оқушысын ұрламақ болған. Бейнежазбада қызды күштеп көлікке отырғызуға тырысқаны анық көрінеді.
Алайда олардың әрекетіне кездейсоқ өтіп бара жатқан азамат кедергі келтірген. Кейін белгілі болғандай, жасөспірімді құтқарып қалған – Тараз қаласының тұрғыны Нуркен Умаров. Біраз уақыттан соң қыздың әкесі оны арнайы іздеп тауып, көрсеткен көмегі үшін жеке алғыс айтқан.
Полиция қызметкерлері күдіктілерді ізін суытпай ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған.
Алдын ала ақпарат бойынша, күдіктілер (ағайынды екені анықталған) ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі және 125-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша айыпты деп танылып отыр.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Тараздағы фосфор зауытында 3 адамды күйік шалып, біреуі көз жұмды