Ар
Тағайындау • 04 Қыркүйек, 2025
Тимур Әбілқасымов жаңа қызметке тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Тимур Бөкейханұлы Әбілқасымов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 04 Қыркүйек, 2025
Қазақстанда 6,5 млн тонна астық бастырылды
Бүгінде ел аумағында егін жинау науқаны қарқынды жүргізіліп жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, қазір 4,6 млн гектар аумақтан 6,5 млн тонна астық орылған, деп жазады Egemen.kz.
Экспорт • 04 Қыркүйек, 2025
Қазақстан сиыр етін экспорттауға квота енгізді
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің жетекшілігімен Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) кезекті отырысы өтті. Жиында ішкі нарықтағы баға тұрақтылығын сақтау мақсатында сиыр етін шетелге шығару көлеміне уақытша шектеу енгізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 04 Қыркүйек, 2025
Ливерпульде қыздарымыз кімдермен күш сынасады
Англияның Ливерпуль қаласында бокстан әлем чемпионатының жалауы желбіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2025
Ақтауда алғаш рет онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау орталығы ашылды
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, позитрондық-эмиссиялық томография орталығы (ПЭТ/КТ) онкологиялық аурулардың қайталануын ерте сатысында анықтауға мүмкіндік береді, деп жазады Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 04 Қыркүйек, 2025
Елімізде IT саласы тұрақты дамып келеді
Елімізде IT саласы тұрақты түрде өсіп, IT-компаниялар саны 18 мыңнан асқан. Кейінгі үш жылда өсім 16%-ды құраған. 1700-ден астам қатысушыны біріктіретін Astana Hub халықаралық технопаркінің дамуы маңызды драйвер болып отыр. Резиденттердің жиынтық табысы 1,2 трлн теңгеге жетіп, экспорттық кіріс 140 млрд теңгеден асқан, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 04 Қыркүйек, 2025
Берік Нәжімиденов Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босатылды
Бүгін Сенат депутаттары ел президентінің ұсынуымен Жоғарғы Сот судьясы Берік Нәжімиденовті қызметінен босатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 04 Қыркүйек, 2025
Бүгін бокстан әлем чемпионаты басталады
4-14 қыркүйек аралығында Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында World Boxing ұйымдастырумен әлем біріншілігі өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 04 Қыркүйек, 2025
«Реал» Чемпиондар лигасында ойнайтын құрамын жариялады
Футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының 2025/26 жылдардағы маусымында Мадридтің «Реалы» мынадай құрамда өнер көрсететіні белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қыркүйек, 2025
Түркияда жолаушылар автобусы апатқа ұшырады
Бүгін таңертең Түркияның Шанлыурфа – Газиантеп тасжолында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан 27 жолаушы зардап шеккен, олардың үшеуінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қыркүйек, 2025
Ерлан Қарин жастар ұйымдарының көшбасшыларымен кездесті
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жастар ұйымдарының көшбасшыларымен кездесу өткізді. Он алты республикалық жастар ұйымының өкілі қатысқан кездесуде өзекті мәселелер мен жаңа жобалардың жай-жапсары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 03 Қыркүйек, 2025
Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды
Үкіметтің 2025 жылғы 3 қыркүйектегі қаулысымен бұрын Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазселденқорғау» ММ басшысы болған Садырбаев Ерболат Алтынбекұлы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 03 Қыркүйек, 2025
Отандастарымыз Арменияға жеке куәлікпен кіре алады
Мәжіліс Қазақстан мен Армения үкіметтері арасындағы келісімді ратификациялады. Енді отандастарымыз Арменияға жеке куәлікпен ғана, шетелдік паспортсыз әрі визасыз кіре алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 03 Қыркүйек, 2025
Қытай ғалымдары ғарышқа арналған кір жуғыш машина жасап шығарды
Қытай зерттеушілері астронавттарға арналған шағын кір жуғыш машина ойлап тапты. Салмағы небәрі 12 келі болатын құрылғы ультраұсақ тұман мен озон технологиясын қолданып, бір циклде бар-жоғы 400 миллилитр суды пайдалана отырып киімді тазартады, деп хабарлайды Egemen.kz South China Morning Post басылымына сілтеме жасап.
Қоғам • 03 Қыркүйек, 2025
Үржардағы жол апатына кінәлі жүргізуші жауапкершіліктен босатыла ма
Бүгін Мәжілістің VIII шақырылымы төртінші сессиясының алғашқы жалпы отырысы өтті. Мәжіліс отырысында Ішкі істер министрі «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы азаматтардың сапарлары мен болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы жөнінде баяндама жасап, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қыркүйек, 2025
Депутат әлеуметтік қызмет көрсету жүйесіне аудит жүргізуді ұсынды
Қазақстан Халық партиясы Фракциясы мүгедектігі бар азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік қолдау жүйесіндегі күрделі мәселелерді қайта көтерді. Депутат Кенжеғұл Сейтжанның айтуынша, мемлекет қомақты қаржы бөліп отырғанына қарамастан, арнайы портал арқылы берілетін тауарлар мен қызметтер адамдарға емес, делдалдарға пайда әкеліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 03 Қыркүйек, 2025
Кәсіпорындар мемлекеттік тапсырыстан тыс қалуы мүмкін - Айтуар Қошмамбетов
Мәжіліс депутаты Айтуар Қошмамбетов Үкімет мүшелеріне жолдаған сауалында тауар өндірушілердің жаңа реестріне қатысты алаңдаушылығын жеткізді. Ол заңның қабылданғанына бірнеше ай өтсе де, оны нақты орындауға қажетті ережелер әлі бекітілмегенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қыркүйек, 2025
Қазақстан мен Армения көші-қон саласында әріптестікті күшейтті
Мәжіліс Қазақстан мен Армения үкіметтері арасында 2024 жылғы 15 сәуірде Ереванда қол қойылған көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады. Құжат екі елдің құзырлы органдары арасындағы өзара іс-қимылды реттеп, көші-қон саласындағы әріптестікті нығайтуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 03 Қыркүйек, 2025
Жолдау 2024: Қайта өңдеу саласында екі мың кәсіпорын жұмыс істейді
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңделген өнімнің үлесі 70%-ға жеткізілуі тиіс. Оны орындау мақсатында мемлекеттік қолдаудың кешенді шаралары іске асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қыркүйек, 2025
Тараздағы жасөспірімнің өліміне қатысты жаңа деректер жарияланды
Тараз қаласында жасөспірімдер арасында 1 қыркүйек күні жанжал болып, салдарынан 14 жастағы оқушы пышақ жарақатынан көз жұмды. Күдікті ретінде тау-кен технологиялық колледжінің студенті ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Экономика • 03 Қыркүйек, 2025
Ақша айырбастау пункттеріне бақылау күшейеді
Ұлттық банк ақша айырбастау пункттеріне жаңа ережелер енгізеді. Құжат 2025 жылдың төртінші тоқсанында күшіне енеді, деп жазады Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 03 Қыркүйек, 2025
Ауыл шаруашылығы алқаптары әртараптандырылып жатыр
Биыл бидай алқабы 884,6 мың гектарға қысқарып, 12,3 млн гектарды құрады, ал майлы дақылдардың көлемі 1 млн гектарға ұлғайып, 4 млн гектарға жеткен. Сонымен қатар қант қызылшасының егіс құрылымын оңтайландыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 03 Қыркүйек, 2025
Биыл өндіріс көлемі 3,4%-ға өсті
Қазақстан үшін мал шаруашылығы – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әрі агроөнеркәсіп кешеніндегі үлесі 40%-ды құрайтын стратегиялық бағыт. 2025 жылдың қаңтар–шілде айларында саладағы өндіріс көлемі 3,4%-ға өсіп, шамамен 2 трлн теңгеге жетті. Ет өндірісі 2%-ға артып, 608,8 мың тоннаны құрады, ал сүт өндіру көлемі 6,5%-ға ұлғайып, 2,25 млн тоннаға дейін жеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 03 Қыркүйек, 2025
Егіншілерге берілетін жеңілдетілген несие 700 млрд теңгеге ұлғайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін ілгерілетуге айрықша назар аударылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 03 Қыркүйек, 2025
Тоқаев ҚХР Төрағасы ұйымдастырған салтанатты қабылдауға қатысты
Мемлекет басшысы Қытай Төрағасы Си Цзиньпиннің атынан ұйымдастырылған Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты қабылдауға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 03 Қыркүйек, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңдегі әскери парадқа қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыста және жапон басқыншылығына қарсы күресте жеткен Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған әскери парадты тамашалау үшін Тяньаньмэнь алаңына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 02 Қыркүйек, 2025
«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінімдер қабылдау басталды
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, бұл сыйлық волонтерлер қозғалысын дамытуға, әлеуметтік және қоғамдық маңызды мәселелерді шешуге зор үлес қосқан қазақстандық және халықаралық волонтерлерді, волонтерлік топтар мен ұйымдарды ынталандыру және қолдауға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 02 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Мәдениет орталығын аралап көрді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР мәдениет және туризм министрі Сунь Елимен бірге Мәдениет орталығын аралап көрді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 02 Қыркүйек, 2025
Ұлы дала мен Ұлы Қытай арасындағы рухани байланыс үзілмейді - Президент
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, сапар барысында Қытай тарапы қазақ делегациясына ерекше көңіл бөліп, ыстық ықыласы мен қонақжайлығын көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 02 Қыркүйек, 2025
Тоқаев Қытайдағы Қазақстан мәдениет орталығының ашылу рәсіміне қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары аясында Бейжіңде Қазақстанның мәдениет орталығы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.