Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
«Энергетика, Жасанды интеллект және Қаржы министрліктері Салалық ақпараттық қауіпсіздік орталығын іске қосып, отын-энергетика кешенінде инфрақұрылым операторының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл – энергетика саласының барлық субъектілерін киберқауіптерден қорғауға бағытталған маңызды қадам», деді Премьер-министр.
Жобаны іске асыру барысына бақылау мен үйлестіру міндеті Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жүктелді.