Марапат • Кеше

Аида Балаева сала қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Республика күніне орай Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева отандық мәдениет, өнер және медиа саласының дамуына елеулі үлес қосқан 62 қайраткерге мемлекеттік награда табыстады. Марапаттау рәсімі Астанада Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аида Балаева сала қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады

Фотолар: Мәдениет және ақпарат министрлігі

«Бүгін Мемлекет басшысы Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды. Олардың қатарында халықпен ете жұмыс істеп жүрген қарапайым еңбек адамдары да бар. Бұл марапат сіздердің көпжылдық еселі еңбектеріңіздің лайықты бағалануы деп білемін. Өйткені біріңіз ақпарат айдынында аянбай еңбек етіп, халық пен билік арасында алтын көпір болып жүрсеңіздер, ал енді біреулеріңіз өнер саласы арқылы еліміздің рухын көтеріп, мәдени мұраларымызды жаңғыртуда зор еңбек етіп келесіздер», деді Аида Балаева.

Министрліктің мәліметінше марапат иелерінің қатарында «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры, К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің, Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясы, Р.Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының және басқа да мәдениет мекемелерінің қызметкерлері бар.

Сонымен қатар «Хабар» агенттігі, «Qazaqstan» телеарнасы, республикалық «Казахстанская правда», «Егемен Қазақстан» газеттерінің, Ұлттық академиялық кітапхана және басқа да ұйымдардың қызметкерлері елеусіз қалмады.

gov.kz

Салтанатты рәсімнің соңында еліміздің жетекші шығармашылық ұжымдары өнерпаздарының қатысуымен концерт ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар

Егін жинау науқаны аяқталуға жақын

Шаруашылық • Бүгін, 10:05

Географиясы Гиннеспен өлшенген

Қазақстан • Бүгін, 10:00

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:55

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:50

Креативті кітапхана ашылды

Кітапхана • Бүгін, 09:45