Бұл ауыл тұрғындары үшін ғана емес, бүкіл өңір спортшылары үшін ақжолтай хабар болып отыр.
Жаңа спорт нысаны ауылдың келбетін айшықтап, ұлттық дәстүр мен заманауи инфрақұрылымның үйлесімін көрсетті. Алаң құрылысына демеушілік жасаған — Halyk қайырымдылық қоры, ал жобаны іске асыру жұмыстарына «Қызылша жер» компаниясы ұйытқы болған.
Көкпар алаңы 300-ден аса көрерменге арналған трибунамен жабдықталған. Спортшыларға арналған арнайы аймақтар мен ойын өткізуге қажетті жағдайдың бәрі қарастырылған. Енді Белбасарда тек ауылдық емес, облыстық деңгейдегі сайыстар да ұйымдастырылмақ.
Ауылдағы алғашқа додада өңірдің сегіз командасы бақ сынады. Олардың қатарында Меркі, «Аманат» (Белбасар), «Бірлес – Әулиеата», «Тәтті», Т.Рысқұлов, «Ақсу», «Балуан Шолақ» және «Шу» құрамалары бар.
Көрерменнің делебесін қоздырған додада Меркі командасы үздік шығып, 3 миллион теңге жүлдені қанжығалады. Ал туған жердің намысын қорғаған «Аманат» (Белбасар) екінші орынды иеленіп, 2 миллион теңгеге ие болды. Үшінші орын «Бірлес – Әулиеата» командасына бұйырып, оларға 1 миллион теңге табысталды.
Жамбыл облысы
Шу ауданы