Фото: Үкімет
Медициналық нысанның барлығы елге қайтарылған активтер қаражаты есебінен салынған.
Үкімет осы мақсатқа Арнаулы мемлекеттік қордан 1,7 млрд теңге бөлген.
Жаңа денсаулық сақтау нысандары аймақтағы Жалғызағаш және Қайнарлы (Ескелді ауданы) - Сарытөбе (Панфилов ауданы) - Жаңалық (Ақсу ауданы) - Қаратал (Көксу ауданы) - Оян (Қаратал ауданы) ауылдарында іске қосылып отыр.
Сонымен қатар Алакөл ауданы Жайпақ ауылында дәрігерлік амбулатория мен Қайнар ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілген.

Нысандардың барлығы инженерлік инфрақұрылыммен, заманауи медициналық техникамен жабдықталған және алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету стандарттарына сәйкес келеді. Бұл жобаларды жүзеге асыру шалғайдағы елді мекендердің 4 мыңнан астам тұрғынын медициналық көмекке қолжетімділікпен қамтамасыз етуге, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірдің денсаулық сақтау жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға мүмкіндік береді.
