П
Мәдениет • 04 Қыркүйек, 2025
Қытайдың әйгілі композиторы Сянь Синхайдың құрметіне концерт қойылды
Қытай халқының ұлы композиторы, ұлт рухын көтерген музыкант ретінде халық сүйіспеншілігіне бөленген Сянь Синхайдың 120 жылдық мерейтойы биыл жер-жерлерде лайықты өтіп жатыр. Халықтар достығын дәнекерлейтін мәдени-дипломатиялық шараның бірі Алматы қаласында жалғасын тапты, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 04 Қыркүйек, 2025
Қостанай облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды
Қостанайда «Кітап оқитын ұлт» зияткерлік-ағартушылық жобасы басталды. Қанатқақты жоба өскелең ұрпақты бала кезінен кітап оқуға дағдыландыру, халық арасында оқу мәдениетін қалыптастыру, түптеп келгенде, бүтін ел болып әлемдегі ең көп кітап оқитын он елдің қатарына ену сияқты биік мақсат қойып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Партия • 04 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы қарсаңында Премьер-Министрдің және Үкімет мүшелерінің қатысуымен «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысы өтті. Депутаттар Президенттің Жолдаулары мен «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» Сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы ақпаратты тыңдады, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 04 Қыркүйек, 2025
Ақтөбеде рэп-орындаушы есірткілік мас күйінде ұсталды
Ақтөбе қаласында жедел іс-шара барысында 31 жастағы рэп-орындаушы жол-патрульдік полициясының қолына түсті. Ол көлікті есірткілік масаң күйде тізгіндеген, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 04 Қыркүйек, 2025
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың 1,3 млрд теңгеге жуық шығындары өтелді
2025 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша мемлекет кәсіпорындардың 1 млрд 271 млн 409 мың теңгеге шығындарын өтеді. «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының Бизнесті ынталандыру дирекциясының деректеріне сәйкес, кәсіпорындарға еңбек өнімділігін арттыруға және өнімді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған қаржыларының бір бөлігі өтелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк • 04 Қыркүйек, 2025
Елімізде несие алу тәртібі өзгерді
Несие алу ережелері күннен-күнге жаңарып жатыр. Енді егер сіз 3 932 000 теңгеден (1 000 АЕК) көп несие немесе микрокредит алғыңыз келсе, банк немесе микроқаржы ұйымы жұбайыңыздың жазбаша келісімін сұрайды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 04 Қыркүйек, 2025
АҚШ соты Гарвард университетін гранттан айыру шешімін тоқтатты
АҚШ федералды соты Дональд Трамп әкімшілігінің Гарвард университетін федералды зерттеу гранттарынан айыру туралы шешімін жарамсыз деп тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 04 Қыркүйек, 2025
Елімізде медициналық ұйымдарға тіркеу науқаны өтіп жатыр
1 қыркүйек пен 1 қараша аралығында ел азаматтарына өз емханасын ауыстыруға мүмкіндік беріледі. Бұл рәсімді емханаға бармай-ақ eGov.kz порталы немесе eGov Mobile мобильді қосымшасында онлайн орындауға болады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 04 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Португалия Президентіне көңіл айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев Лиссабон орталығындағы апат салдарынан көптеген адамның қаза табуына және жарақат алуына байланысты Президент Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соуза мен барша португал халқына көңіл айтты, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 04 Қыркүйек, 2025
Перизат Қайраттың мүлкі аукционға шығарылады
Қор қаражатын талан-таражға салғаны үшін 10 жылға сотталған Перизат Қайраттың элиталы пәтерлері, қымбат көліктері мен зергерлік бұйымдары аукцион арқылы сатылып, түскен қаржы жәбірленушілерге өтемақы ретінде қайтарылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мектеп • 04 Қыркүйек, 2025
Жетісуда екі жаңа мектеп ашылды
Жаңа 2025-2026 оқу жылы қарсаңында Жетісу облысында бірқатар білім нысандары пайдалануға берілді. «Келешек мектебі» жобасы аясында Алакөл ауданы Достық ауылында 600 орындық, Панфилов ауданы Лесновка ауылында 300 орындық жаңа мектеп ашылды. Жыл соңына дейін Ақсу мен Кербұлақ аудандарында тағы екі мектеп қолданысқа беріледі. Сонымен бірге өңірде сегіз білім нысаны күрделі жөндеуден өтуде, оның алтауы биыл аяқталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экспорт • 04 Қыркүйек, 2025
Қазақстан сиыр етін экспорттауға квота енгізді
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің жетекшілігімен Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) кезекті отырысы өтті. Жиында ішкі нарықтағы баға тұрақтылығын сақтау мақсатында сиыр етін шетелге шығару көлеміне уақытша шектеу енгізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 04 Қыркүйек, 2025
Ливерпульде қыздарымыз кімдермен күш сынасады
Англияның Ливерпуль қаласында бокстан әлем чемпионатының жалауы желбіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Қыркүйек, 2025
Атырау көпіріне көлікпен шыққан астаналық қамауға алынды
1 қыркүйек күні Hyundai Accent автокөлігінің иесі Атырау көпіріне шығып, жол ережесін өрескел бұзып, айналасына құрметсіздік танытқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 04 Қыркүйек, 2025
Елімізде IT саласы тұрақты дамып келеді
Елімізде IT саласы тұрақты түрде өсіп, IT-компаниялар саны 18 мыңнан асқан. Кейінгі үш жылда өсім 16%-ды құраған. 1700-ден астам қатысушыны біріктіретін Astana Hub халықаралық технопаркінің дамуы маңызды драйвер болып отыр. Резиденттердің жиынтық табысы 1,2 трлн теңгеге жетіп, экспорттық кіріс 140 млрд теңгеден асқан, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 04 Қыркүйек, 2025
Ел боксшыларының әлем чемпионатындағы алғашқы қарсыластары анықталды
Бокстан 4-14 қыркүйек аралығында Ливерпульде өтетін жаһандық доданың жеребесі тартылды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 04 Қыркүйек, 2025
Астанада әлем чемпионатына іріктеу ойынына байланысты жол қозғалысы шектеледі
Бүгін сағат 19:00-де «Астана Арена» стадионында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Уэльс құрамалары кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Қыркүйек, 2025
Enbek.kz арқылы 5 мыңнан астам жасөспірім жұмысқа орналасты
2025 жылдың мамыр айында Enbek.kz электронды еңбек биржасында оқушыларға арналған «Менің жазғы каникулым» арнайы бөлімі іске қосылды. Оның көмегімен демалыс кезінде 14 пен 18 жас аралығындағы 5,4 мың жас қазақстандық жұмысқа орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 04 Қыркүйек, 2025
Бүгін бокстан әлем чемпионаты басталады
4-14 қыркүйек аралығында Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында World Boxing ұйымдастырумен әлем біріншілігі өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 04 Қыркүйек, 2025
«Реал» Чемпиондар лигасында ойнайтын құрамын жариялады
Футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының 2025/26 жылдардағы маусымында Мадридтің «Реалы» мынадай құрамда өнер көрсететіні белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 03 Қыркүйек, 2025
Астанада Арыс көпірі екі аптаға ішінара жабылады
Астанада Арыс көпірі (М3) бойынша деформациялық тігісті жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 03 Қыркүйек, 2025
«Қайрат – Реал» матчы қарсаңында полиция ескерту жасады
Алматыда өтетін халықаралық футбол матчы қарсаңында полиция тұрғындарды билеттерді сатып алу кезінде ерекше сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 03 Қыркүйек, 2025
Шымкентте іздеу жарияланған бұрынғы депутат сотқа жеткізілді
Бұрын мәслихат депутаты болған Қуаныш Дәулеталиев іздеуге жарияланғаннан кейін табылып, сот отырысына қатысу үшін сотқа жеткізілді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қыркүйек, 2025
Түркияда жолаушылар автобусы апатқа ұшырады
Бүгін таңертең Түркияның Шанлыурфа – Газиантеп тасжолында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан 27 жолаушы зардап шеккен, олардың үшеуінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қыркүйек, 2025
Астанада тұрғындарды виза жасап беремін деп алдаған алаяқ ұсталды
Елордада азаматтарды алдап, Еуропа, АҚШ және Ұлыбританияға виза рәсімдеуді уәде еткен күдікті ұсталды. Ол сенімді теріс пайдалану арқылы жәбірленушілерге жалған уәде беріп, ірі көлемде қаржы жымқырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2025
Рудныйда 1200 оқушыға арналған ерекше мектеп ашылды
Бүгін Рудныйда 1200 оқушыға арналған жаңа ерекше мектеп пайдалануға берілді. Кеншілер қаласындағы заманауи білім ордасы «ERG» компаниясының қаржысына салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 03 Қыркүйек, 2025
Жас футболшылар Англияға қарсы ойнайды
Футболдан 2027 жылы өтетін жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі жалғасуда. 8 қыркүйекте Ақтөбеде Қазақстан құрамасы Англияны қабылдайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2025
Атырауда екі мектептегі сабақ онлайн өтіп жатыр
Бүгін Атырау қаласындағы екі мектептің оқушылары сабақты онлайн оқуға жіберілді. Бұған су құбырындағы апатты қалпына келтіру жұмысы себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 03 Қыркүйек, 2025
АҚШ президентінің әулеті бір тәулікте 5 млрд доллар тапты
Дональд Трамптың отбасына тиесілі World Liberty Financial компаниясы шығарған жаңа криптовалюта бір тәулік ішінде олардың қағаз жүзіндегі байлығын шамамен 5 миллиард долларға арттырды, деп хабарлайды Egemen.kz CBS News-ке сілтеме жасап.
Әлем • 03 Қыркүйек, 2025
Дональд Трамп Чикагоны «әлемдегі ең қауіпті қала» деп атады
АҚШ президенті Дональд Трамп Чикагоны әлемдегі ең қауіпті қала деп мәлімдеді. Бұл туралы ол Truth Social желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.