
фото: ашық дереккөз
«Атырау облысы Су Арнасы» КМК-ның ақпаратына қарағанда, «Нұрсая» шағын ауданындағы бірнеше қөпқабатты үйлер мен әлеуметтік нысандарға су беру уақытша тоқтатылған.
«Д-315 мм су құбырында апатты қалпына келтіру жұмысы жүргізілуіне байланысты «Нұрсая» шағын ауданында орналасқан сорғы стансаларының жұмысы уақытша тоқтатылады. Осыған орай 3 қыркүйек күні сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін тұрғын үйлер мен нысандарға су беру тоқтатылады», деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметі.
Судың тоқтатылуына байланысты №38 мектеп-лицей мен Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары сабақты онлайн форматта оқуға жіберілді. Сондай-ақ, №5 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне, «Нұрсая» және «Мирас» балабақшасына су беру уақытша тоқтатылды.